Зейнулла Санжар Қазақстанның ТОП-100 студентінің қатарына енді

Зейнулла Санжар Қазақстанның ТОП-100 студентінің қатарына енді

2025 жылғы 30 сәуірде Астана қаласында Қазмедиа орталығында Білім министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың "Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ-100 студенті" республикалық байқауының жеңімпаздарымен кездесуі өтті.

Павлодар сервис және тамақтану колледжінің 3 курс студенті Зейнулла Санжар Республикалық конкурс жеңімпазының дипломы мен медалін, "Топ-100 студент" медалін, колледждердің "Топ-100 студенті" конкурсының жеңімпазын жұмысқа орналастыру туралы сертификатын алды.

Марапатты Санжарға "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Төралқасының төрағасы Баталов Райымбек Әнуарұлы табыс етті. Санжар, World Skills Kazakhstan-2024 Ұлттық чемпионатының, "WorldSkills Pavlodar-2024" өңірлік чемпионатының "Мейрамхана сервисі" құзыреттілігіндегі алтын жүлдегері - біздің мақтанышымыз.

Жеңімпаз Зейнулла Санжарды жеңісімен құттықтаймыз! Альмира Садриденова-колледждің өндірістік оқыту шебері жыл сайын WorldSkills Ұлттық чемпионатының алтын медаль иегерлерін дайындайды және Талап КЕАҚ Басқарма Төрағасы Санжар Тәтібековтың ҚР Топ 100 студентіне кірген студентті дайындағаны үшін сертификатының иегері атанды.