Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Павлодар оқушыларының біріншілігі

Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Павлодар оқушыларының біріншілігі

Жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметкедаярлау, азаматтық және патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қабанбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған әскер иинтернат-мектебінде «Айбын - 2025» әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық жарыстар өтті. Жарысқа облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 15 командасы, оның ішінде Б. Момышұлы атындағы, № 2, 17, Ш. Шөкин атындағы, Ж. Ташенев атындағы мектептердің 10-сыныптың 6-ты оқушыларынан құрылған командасы қатысты.

Жарыс шарттары бойынша қатысушылар АК-74-ті бөлшектеу және құрастыру, сапқа тұру, тартылу, жалпы әскериқ орғаныс киімдерін кию, оқ ату, денені жатып көтеру, әскерилендірілген кросс, арқан тарту бойынша жарысты.

Жарыс қорытындысы бойынша облыс қалаларының командалары арасында Павлодар командасы I орын алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс білім беру басқармасының өңірлік дене шынықтыру оқу-практикалық орталығының грамоталарымен, медальдарымен марапатталды.