Ағылшын, француз және неміс пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытындысы

Ағылшын, француз және неміс пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытындысы

Көкшетау ​​қаласында 2025 жылғы 21 - 25 сәуір аралығында Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 10-11(12) сынып арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ағылшын, француз және неміс тілдері пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиадаға облыстық кезеңдердің 175 жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Павлодар облысын намысын қорғаған 11 оқушы 10 медальға ие болды:  3 күміс және 7 қола.

Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша күміс медальдарымен  және II дәрежелі дипломдарымен  № 3 гимназияның 9, 10-сынып оқушылары Рогачевская София (француз тілі, мұғалімі Батаева К.К.), Кожабекова Тахмина (француз тілі, мұғалімі  Батаева К.К.) және Жұмабек Адия (ағылшын тілі, мұғалімі Чепелюк А.И.)  жеңіп алды.

Қола медальдарымен  және III дәрежелі дипломдарымен №3 гимназияның 8, 11 сынып оқушылары Оразбай Мөлдір (француз тілі, мұғалімі Батаева К.К..), Қадырқұлов Дастан (ағылшын тілі, мұғалімі Рахманбергенова Е.С.); №8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары Сабиев Санжар (неміс тілі, мұғалімі Рамазанова М. А.),  Каирбекова Айганым (ағылшын тілі, мұғалімі Ильина А. Е.); «Жас дарын» мектеп-лицейінің 11оқушысы Ахметова Риза  (француз тілі, мұғалімі  Батаева К.К.); облыстық көп салалы көптілді лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Арынов Ернар (ағылшын тілі, мұғалімі Уятова Ж.М.) және Павлодар қаласының № 39 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Садвакасов Фархат (неміс тілі, мұғалімі Мокроусова Т.Р.) марапатталды.

«Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасымен Павлодар қаласының №39 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Кремер Милана (неміс тілі, мұғалімі Мокроусова Т.Р.) марапатталды.

Ағылшын  тілі пәні бойынша жүлдегер оқушыларға British Council ұйымы тарапынан халақаралық қатынастар және әлем тілдері университетінен IELTS емтиханына қысқамерзімді дайындық курсына қатысу сертификаттары берілді.