Өскемен қаласында дарынды балаларға арналған дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат базасында 2025 жылғы 21-24 сәуірде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері, академик Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы өтті.
Оқушылардың білімдерін тереңдету және жетілдіру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстанның әр өңірінен 179 оқушы қатысты.
Павлодар облысынан олимпиадаға облыстық кезеңінде І және ІІ орындарға ие болған жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептердің 9 оқушысы қатысты.
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломын Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Солтанмурат Айяулым (мұғалімі А.М.Асылбекова) иеленді.
IIІ дәрежелі дипломына «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Жұман Дана (мұғалімі А.М.Кабылова), «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Ағзап Аружан (мұғалімі С.А.Сыздыкова) және дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Жетпис Баян (мұғалімі М.М.Суюндикова) ие болды.
Құрмет грамотасымен Екібастұз қаласы № 25 гимназиясының 10 сынып оқушысы Амангельдинова Аяна (мұғалімі М.Д.Кобешова) марапатталды.
Қанипа Бітібаеваның түлектерінің атынан Екібастұз қаласы №25 гимназиясының 10 сынып оқушысы Амангельдинова Аяна және Екібастұз қаласы №26 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Жазубай Нұрдәулетке ақшалай сыйақы табысталды.