«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы география пәні бойынша «Geo Star» ұлттық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысын шығарды. Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептерінің 7 - 8 сыныптың 71 оқушысы қатысты. Павлодар қаласын М. Әлімбаев атындағы мектептің 8 сынып оқушылары Бейсенбай Адалхас және Шәкәрім Назерке (А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей), 7 сынып оқушылары Миринцов Климентий
(А. Байтұрсынов атындағы мектеп), Асанов Владимир және Тлеулесов Имран (№ 39 мектеп), олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары.
Олимпиадалық тапсырмалар географиялық және әлеуметтік маңызы бар, физикалық және қоғамдық географияға қатысты өзекті және қолданбалы географиялық білім мен дағдыларды талап ететін сұрақтардан тұрды.
Олимпиада қорытындысы бойынша қала мектептерінің төрт қатысушылары жүлделі орындарға ие болды. М. Әлімбаев атындағы мектептің оқушысы Бейсенбай Адалхас олимпиада жеңімпазы атанып, мамыр айында облыстық команданың құрамында республикалық олимпиадаға қатысады.
Миринцов Климентий, Асанов Владимир және Тлеулесов Имран ІІІ орынға ие болды.