Қазақстан тарихы және Құқық негіздері бойынша республикалық олимпиаданың бес күндік қорытынды кезеңіне Қазақстан өңірлерінің жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 9 - 11 сыныптың 185 оқушысы қатысты. Екі турдан тұратын олимпиада Қызылорда қаласында С.Шаухаманов атындағы дарынды балаларға арналған № 9 «Білім-Инновация» лицей-интернатының базасында өтті, оны «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізді.
Павлодар облысынан құрамында 8 оқушы бар команда, олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, соның ішінде Құқық негіздері бойынша № 29 мектептің 10 сынып оқушысы Қазкенов Ілияс қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Ілияс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің алтын медалі мен І дәрежелі диплом иегері атанды.
Олимпиада қатысушыларына күрделі құқықтық міндеттерді шешу, нақты өмірде кездесетін жағдайларды талдау, заңнаманы білу және оны іс жүзінде қолдану қабілеттерін көрсету керек болды.
Ильяс Құқық негіздері, логикалық ойлау және аналитикалық қабілеттердің жоғары деңгейін көрсете отырып жеңіске жетті.
- Бұл жеңіске үш жылда жетті. Ильяс 8-ші сыныптан бастап олимпиадаға дайындалды. Үш жыл бойы ол олимпиаданың қалалық, облыстық кезеңдерінің жүлдегері болды. Өзінің табандылығы мен еңбексүйгіштігінің арқасында ол өз мақсатына қол жеткізді, - дейді оның тарих мұғалімі Болат Дәулетұлы Сапанов.
Айта кету керек, Ілияс олимпиаданың дарынды және мақсатты қатысушысы ретінде өзін көрсетіп қана қоймай, «Алтын белгіге» үміткер болып табылады, барлық пәндер бойынша тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетеді, зияткерлік байқауларға белсенді қатысады және мектеп өміріне елеулі үлес қосады.