Павлодар педагогтерінің республикалық байқаудағы жетістіктері

Павлодар педагогтерінің республикалық байқаудағы жетістіктері

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жас педагогтердің «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты VII республикалық кезеңін өткізді.

Байқау үш кезеңнен тұрды - бірінші кезеңде педагогтер «Балдәурен» базасында 5-9 сыныптың оқушыларына ашық сабақтар өткізді, екінші кезеңде «Шығармашылық жолдың басталуы» тақырыбында өз презентацияларын ұсынды, үшінші кезеңде қазылар алқасы қатысушылардың «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбындағы эссені бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің III дәрежелі дипломының иегері М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің физика мұғалімі Нұрсұлтан Ахылбек болды.

- Балдәуренде өткізген 5 күн ішінде мен үлкен қуат, шабыт пен мотивация алдым. Мен болған атмосфера - бұл жай ғана білім беру алаңы емес, нағыз даму мектебі. Керемет ұйымдастырушылар, адал және шынайы ұстаздар, Көкшетау мен Бурабайдың табиғаты мен үшін ішкі күштің қайнар көзі болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды педагогтермен танысқаным үшін ерекше ризамын. Мен өз тәжірибемді жаңа идеялармен, сапалы жұмыстармен және жарқын эмоциялармен толықтырғаныма қуаныштымын. Бұл жеңіс мектеп ұжымының қолдауының нәтижесі, - дейді Нұрсұлтан Ақылбек.

Нұрсұлтан мектепте 3-ші жыл жұмыс істейді. Осы кезеңде оның ғылыми мақалалары халықаралық және республикалық басылымдарда жарияланды. Ол «IV халықаралық кітап басылымы», «ТМД елдерінің үздік жас ғалымдары – 2023» халықаралық жобаларының қатысушысы болып табылады, онда II дәрежелі дипломмен марапатталды. 2023 жылы жас мамандар арасында өткен «Ұстаз Аламаны» облыстық зияткерлік жобасының жеңімпазы атанды, «Жігіт сұлтаны – 2023» облыстық байқауында III орынды иеленді, 2024 жылы Солтүстік Қазақстан байқауының өңірлік кезеңінде II орынды иеленді. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған жас педагогтер арасындағы қалалық пікірсайыс турнирінің жеңімпазы, жас мамандар арасындағы облыстық пікірсайыс турнирінде үздіктер қатарында «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» облыстық байқауында II орын алды.

Сондай-ақ, павлодарлық екі мұғалім ерекше номинациялармен марапатталды, оның ішінде № 41 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Нияз Ерболұлы Ауталипов «Жаңашыл мұғалім» номинанты атанды.

Нияз Ерболұлы мектепте 3 жыл жұмыс істейді. Осы кезеңде «Талантты мұғалім - дарынды балаларға» республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жеңімпаз атанды, екінші орын - облыстық кезеңде (2024 жыл), «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы, республикалық турдың «Замануи ұстаз» номинанты (2025 жыл). Ол құқық және тарих негіздері бойынша мектепішілік пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын, Дарын «Тарих ата» қашықтықтан өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен қатысушыларын, «Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциялардың Құрмет грамоталарының иегерлерін дайындады. Ол «Amanat» бастапқы ұйымның төрағасы болып табылады.