Талантты мұғалім - дарынды балаларға

Талантты мұғалім - дарынды балаларға

№ 7 ЖОМ базасында «Талантты мұғалім - дарынды балаларға» республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты-шығармашылық әлеуетті дамыту, білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби шеберлікті қалыптастыру, оқу-тәрбие үдерісінде инновацияларды іздеуге және іске асыруға ынталандыру. Олимпиадаға 29 жас педагог қатысты, оның ішінде бір педагог-психолог, 5 тәлімгер, 23 пән мұғалімі бар.

Олимпиада қорытындысы бойынша II орынды Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Құндызбек Руслан Сағидоллаұлы иеленді.

III орынды № 2 ЖОМ физика пәнінің мұғалімі Зейнеп Хаджимуратовна Кульманова, № 41 ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Эльмира Жоламанқызы Егимбаева, № 46 ЖОМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ерболат Гүлнара, № 39 ЖОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Виталий Владимирович Игошин иеленді.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен қ Қ Мақпалеев атындағы ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кендиров Аслан Еркнжасұлы, № 2 ЖОМ тәлімгері Масалимова Адия Асаинқызы, № 6 ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аманжол Али Қуандықұлы, М. Әлімбаев атындағы ЖОМ тәлімгері Ахмолдина Алина Қайратбекқызы, № 35 ЖОМ педагог-психологі Қабыш Әлемгүл Нұрланқызы, М. Әуезов атындағы ЖОМ тәлімгері Шрейнер Виктория Олеговна, № 35 ЖОМ тәлімгері Жұматай Фатиха Амангелдіқызы марапатталды.

Лауреат сертификаттары № 18 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Резникова Камила Кенжебайқызына, № 40 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бусурманов Азат Арманұлына, Жетекші мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қайырбек Ұлжан Нұрланқызына табысталды.

Жүлдегерлер мен грамота иегерлері олимпиаданың облыстық турына қатысады.