Павлодар қаласының мектебінде республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Павлодар қаласының мектебінде республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Павлодар қаласының Ж. Ташенев атындағы мектеп базасында 2025 жылғы 16 сәуірде Жұмабек Тәшеневтің 110 жылдығын мерекелеу аясында «Жұмабек Тәшенев - дәуірдің көрнекті тұлғасы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.Мақсаты-қазақ халқының қайсар ұлы Ж.Тәшеневтің өмірі мен қызметін, көрнекті жетістіктерін дәріптеу, педагогтер мен білім алушыларды классиктердің тарихы мен рухани мұрасына баулу.

Конференцияға жақын туыстары, облыс білім беру басқармасының, Астана қаласы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан мектептерінің, Ақмола облысы Астана қаласындағы Ж. Ташенев атындағы мектептің педагогтері, Павлодар қаласы мектептерінің басшылары, Ә. Марғұлан, Торайғыров атындағыуниверситеттің профессорлары, облыс педагогтері қатысты.

Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің 110 жылдығына арналған ұлы тұлғаның бедерлі мүсінін ашылды.Бедерлі мүсінін салтанатты түрде  Жұмабек Тәшенев  сынды ұлы тұлғаның келіні, Ташенева Фатима Садыковна мен ардагер ұстаз Бутаканов Асылбек Елтайұлыашты.

Жұмабек Тәшенев атындағы мұражайдың ашылу рәсімін Фатима Садыковна мен мектебіміздің «Алтын белгі» үміткері Жүкей Аружан өткізді.

Конференцияның пленарлық бөлімінде жақын туған-туысқандары,шақырылған қонақтар  сөз сөйледі. Тәжірибиелік бөлімде Қазақстанның әр өңірінен келген қатысушылардың алпыстан астам ғылыми-зерттеу баяндамалары тыңдалды. Конференцияның жабылу салтанатында қатысушыларға сертификаттар табысталды.