Павлодарлық оқушылар квиз-ойында білімдерін тексерді

Павлодарлық оқушылар квиз-ойында білімдерін тексерді

Павлодарда М. Әлімбаев атындағы, № 15, 27, С. Торайғыров атындағы, Малайсары батыр атындағы мектептерде, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының негізінде алты жерде  «Академиктер кубогы» квиз-ойынының қалалық іріктеу турынақаланың жалпы білім беретін мектептерінің 38 командасы қатысты. Ұйымдастырушы - Павлодар қаласы Білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы.

- Ынта-жігері тасып тұрған  жас қатысушылар өз орындарына жиналды. Әр аудиторияда жеңіл пікірталас болды, интеллектуалды шайқастың лебі ауада сезілді. «География» раундында оқушылар картадан жасырылған жерлерді оңай тапты, «Елтану» бөлімінде мерекелер мен дәстүрлер туралы білімдерімен таң қалдырды. «Флора мен фауна» раунды нағыз қиындыққа  толы кезең болды: сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар туралы сұрақтар командаларды өздерінің барлық эрудицияларын көрсетуге мәжбүр етті. Ал музыкалық раундта көрермендерді бірден жандандырған әуендер шырқалды, - дейді клубтың  педагогі Денис Анатольевич Морозов.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, ойын тек жарысқа ғана емес, сонымен қатар интеллект пен достықтың мерекесіне айналды. Бұл іс-шара барлығына эрудиция мен командада жұмыс істеу қабілетін дамытудың қаншалықты маңызды екенін еске салды. Қатысушылар дипломдар мен марапаттарға қуанып қана қоймай, жаңа кездесулерге шабыт алды.

Ойын аяқталғаннан кейін қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті. - Бұл өте қызықты болды. Біз көптеген жаңа нәрселерді білдік және өз білімімізді тексере алдық, - деді А. Шамкенов атындағы мектеп командасының капитаны Кунашева Ясмин.

- Мен өз командамды мақтан тұтамын, біз шынымен де жақсы нәтижеге қол жеткіздік, енді келесі кезеңдерді күтеміз және ойын жыл сайын болады деп сенемін, - деп қосты № 26 мектеп командасының капитаны Григурко Кирилл.

Іріктеу турларының нәтижелері бойынша жартылай финалға М. Әлімбаев атындағы, М. Әуезов атындағы,  Р. Нұртазина атындағы, А. Шамкенов атындағы, А. Бөкейхан атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Малайсары батыр атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, Кенжекөл мектебі, Жетекші мектебі, № 9, 15, 29, 18, 6, 32, 33, 46 мектептері жалпы 18 команда өтті. Бұл ұжымдар білім мен командалық рух табысқа жетудің кілті екенін дәлелдеді. Жартылай финалдың қызықты әрі тартысты болатындығына күмәніміз жоқ, ал қатысушылар жаңа сынақтарға дайындықты бастап кетті.

Ойын 3 кезеңнен тұрады – «География», «Елтану», «Флора және фауна» тақырыптарында іріктеу, «Әдебиет», «Жаратылыстану ғылымдары», «Өнер» тақырыптарында жартылай финал, «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Мәдениет» тақырыптарында финал.

Жартылай финал 24 ақпанда 18 команданың қатысуымен 2 жерде өтеді. Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар финалдық кезеңге қатысатын болады.