«Цифрлық агрономия: ЖИ және VR-технологияларын оқу үдерісіне енгізу»

«Цифрлық агрономия: ЖИ және VR-технологияларын оқу үдерісіне енгізу»

Цифрландыру ауыл шаруашылығын және аграрлық сектор үшін кадрларды даярлауды қалай жақсарта алады? Бүгін Ақпараттық технологиялар колледжінде (АТК) өткен Ертіс өңірінің аграрлық-техникалық колледждеріне арналған аймақтық семинарда осы туралы айтылды. Жаңа білім алу үшін Тереңкөл, Ақтоғай, Железин, Ертіс, Шарбақты, Успен, Баянауыл, Павлодар аудандарынан білім беру мекемелерінің басшылары келді.

АТК арнайы пәндер оқытушысы Эрик Беккер шетелдік платформаларды студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіру құралы ретінде пайдалану туралы баяндама жасады. Колледж түлегі Бауыржан Мирбеков оқу үдерісінде жасанды интеллектті пайдалану туралы айтты.

Solid Group компаниясының өкілдері – Нұрлан Ахметжанов пен Денис Плаксин білім берудегі цифрландыру, жаңа технологияларды оқу үдерісіне интеграциялау перспективалары туралы айтып берді. Олар цифрландыру мен ЖИ аграрлық секторды өзгертуде шешуші рөл атқаратынын, деректерді талдау, процестерді оңтайландыру, шығындарды азайту кезінде өнімділікті арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. ЖИ қолдауымен аграрлық сценарийлерді VR-модельдеу мамандар мен студенттерге практикалық дағдыларды дамытуға, заманауи және тиімді білім беру кеңістігін құра отырып, деректерді талдау негізінде ұсыныстар алуға көмектеседі.
Айта кету керек, компанияның VR-тренажерлар мен соған байланысты бағдарламаларды жасауда тәжірибесі мол. АТК студенттері бұл жұмысқа белсенді қатысып, оқу үдерісіне инновацияларды енгізуге көмектеседі.

Семинарда ұсынылған төмендегідей негізгі технологиялар қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды:

  • Материалдарға қол жеткізу және қашықтықтан оқытуды басқару үшін цифрлық платформалар мен LMS.
  • Нақты жағдайларды модельдеу және қауіпсіз ортада дағдыларды үйренуне арналған VR/AR.
  • Оқу үлгерімін талдауға және жеке ұсыныстарды алуға арналған жасанды интеллект.
  • Қосымшалар мен онлайн-құралдар арқылы сыныптан тыс оқуға арналған мобильді және интерактивті оқыту.
  • Жаһандық университеттердің курстарына және халықаралық тәжірибеге қол жеткізуге арналған MOOC платформалары.