Ақшаны басқаруды үйрену: жасөспірімдер үшін маңызды сабақ

Ақшаны басқаруды үйрену: жасөспірімдер үшін маңызды сабақ

Екібастұз қаласы Жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілі Әмірғалиев Қуаныш Айтбайұлының жүргізуімен «Жас Өркен» жастар орталығында қаржылық сауаттылық бойынша  «Ақшаны басқаруды үйрену» тәрбие сағаты өтті.

Сабақ барысында балалар жеке қаржыны басқару саласындағы негізгі ұғымдармен танысты: бюджеттік жоспарлаудан бастап «Инвестиция мен жинақ» сияқты маңызды тақырыптарға ерекше назар аударылды: кысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттар, бюджетті жоспарлау және тұрақты шығындарды есепке алу.

Несиелер: тәуекелдер мен ақылды қарыз алу ережелері, девальвация және инфляция: олар сатып алу қабілетіне қалай әсер етеді, депозиттер мен жинақтар қаржылық қамтамасыз етудің негізі ретінде,

Halyk Invest сияқты сенімді платформалар арқылы акцияларға инвестициялау.

Қуаныш Айтбайұлы қаржылық тәртіптің маңыздылығына тоқталып, ақылмен жоспарлау мен ресурстарды сауатты басқару өмірлік мақсаттарға жетуге қалай көмектесетінін түсіндірді.

Сабақ интерактивті форматта өтті: балалар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және өмірлік жағдаяттарды белсенді түрде талқылады. Мұндай кездесулер жастарға экономиканың қыр-сырын түсініп қана қоймай, ақшаға, болашаққа деген жауапкершілікпен қарауға көмектеседі.