«Академиктер кубогы» қалалық жобасының финалдық кезеңі

«Академиктер кубогы» қалалық жобасының финалдық кезеңі

Павлодар қаласының білім бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығы ұйымдастырған «Академиктер кубогы» қалалық жобасы 2025 жылдың ақпан айында басталып, «География, елтану, флора және фауна» атты іріктеу кезеңінен, «әдебиет, ғылым, өнер» атты жартылай финалынан және «Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, мәдениет және әлем халықтарының дәстүрлері» атты финалдық кезеңдерден тұрды. Қаланың 38 мектебінің 7 - 8 сыныптарының 190-нан астам оқушыларынан тұратын 38 команда қатысуға тілек білдірді.

Жобаның шарттары бойынша қатысушылар пәндерді білудегі бағыттар бойынша жарысып, эрудиция, логика және креативтілік танытты, олар жылдамдық тапсырмаларын орындады, тақырыптық интеллектуалды квесттерді шешті, викторина элементтері бар блиц-турларға қатысты. Жобаны ұйымдастырушы, орталықтың әдіскері Денис Морозов өз идеясымен бөлісті. – Бұл ойын тек бәсекелестік емес. Бұл ұрпақтар арасындағы, мәдениеттер мен мектептер арасындағы көпір. Біз қатысушыларға логикалық ойлауды, ел тарихын білуді және әлемдегі сұлулықтың алуан түрлілігін көруді үйретеміз.

Финалдық кезеңге сәуір айында № 6,18, 29, 15, 46, Шөкин атындағы, А. Бөкейхан атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Жетекші мектептерінің командалары жетті. Соңғы кезеңде қатысушылар «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Әлем халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері» тақырыптары бойынша әлем халқының мәдени ерекшеліктерін, тарихи фактілерді, дәстүрлер мен жетістіктерді білуге бағытталған тапсырмаларды орындады. Қатысушылар блиц-сауалнамалар, шығармашылық тапсырмалар, командалық викториналар және интерактивті турлар форматында білім көрсетті. Тапсырмалар терең пәндік білімді, ойлау логикасын, тез шешім қабылдауды, командада жұмыс істей білуді талап етті.

Мәселен, қызу күрес қорытындысы бойынша қатысушы командалар орыс тілінде және қазақ тілінде оқытумен 6 команда жүлделі орындарға ие болды.

І орынды № 18 ЖОМ «Қайсар» командасы, А. Бөкейхан атындағы мектептің «Табиғат ұрпақтары» командасы иеленді.

II орынды № 29 ЖОМ «Пять мудрецов» командасы, Б.Момышұлы атындағы мектептің «Асылмұра» командасы иеленді.

III орынды Жетекші ЖОМ «Всезнайки» командасы, № 46 ЖОМ «Жарқын жұлдыздар командасы иеленді.

Қатысушылардың өздері өз командалары туралы мақтаныш білдірді.

- Конкурс қиын болды, бірақ өте қызықты өтті. Біз өзімізді жай ғана ойынға қатыстық деп емес,  маңызды нәрсенің бір бөлігі екенімізді сезіндік, - деді № 29 ЖОМ командасының капитаны.

Ал № 18 мектептің жеңімпаздары - Жеңіс - бұл қуаныш, бірақ бастысы - біз өзімізбен бірге тәжірибе мен эмоцияларды алып кететін болдық. Біз осы ойыннан кейін күштірек және тату бола түстік, - деді команда мүшелері.   

- Академиктер кубогы» ақылдылықтың, достықтың және білімге құрмет көрсетудің нағыз мерекесі болды. Ол білімге деген ұмтылыс прогрестің ең жақсы қозғалтқышы екенін, ал жас ақыл – біздің үмітіміз бен тірегіміз екенін еске салды, - деді ұйымдастырушылар.