Павлодарлық туристердің республикалық чемпионаттағы жетістіктері

Павлодарлық туристердің республикалық чемпионаттағы жетістіктері

Жетісу облысының Балпық би кентіндегі жасанды рельефтегі туристік көпсайыс - тау туризмі бойынша төрт күндік республикалық чемпионатқа «Ұлдар» - 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар, «Жасөспірімдер» - 15 - 18 жас, «Ересектер» - 19 жас және одан жоғары жас санаттарындағы қыздар мен ұлдар қатысты. Облыс командасын «Искра» туристік клубының тәрбиеленушілері, педагогі Рустам Кенжин және «Павлодар» құрама командасы, педагогтері Сергей Агалаков, Владислав Ридзаускас, Ирина Ридзаускене, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының өкілдері ұсынды.

Қатысушылар «Жеке», «Байламдар», «Командалық» көп сайыстың үш түрінен бақ сынасты.

«Ұлдар» тобының қатысушылары арасындағы чемпионат қорытындысы бойынша «Искра» клубының командасы бірінші жалпы командалық орынды иеленді, оның ішінде «Жеке», «Байламдар» қашықтықтарында I орын, «Жеке», «Командалық» - II орын, «Байламдар» бойынша - III орынды алды.

«Жас өспірімдер» тобының қатысушылары арасында «Павлодар» командасы III жалпы командалық орынға ие болды, оның ішінде «Жеке», «Байламдар» қашықтықтарында II орын, «Жеке», «Байламдар» бойынша - ІІІ орынды алды.

«Ересектер» тобының қатысушылары арасында «Павлодар» командасы «Жеке», «Байламдар» қашықтықтарында III жалпы командалық орынға ие болды. Кенжин Рустам Айтанович пен Ридзаускене Ирина Валерьевна командаларды дайындағаны үшін дипломдармен, Агалаков Сергей Николаевичпен, Ридзаускас Владислав Юрьевич төрешілік еткен іүшін Қазақстан Республикасының спорттық туризм федерациялары қауымдастығының грамоталарымен марапатталды.