Бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері

2025 жылғы 27 наурыз күні Облыстық білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы Жұмысшы мамандықтар жылына орай 6-9 сынып оқушылары арасындағы бағдарламалау бойынша облыстық олимпиадасын өткізді.

Олимпиада, оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту мен есептеуіш ғылым, компьютерлік бағдарламалау және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау мақсатында өткізілді.

Олимпиадаға қатысу үшін облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған  мектептерінің 6-9 сынып оқушыларынан 185 өтінім берілді. Облыстық олимпиада екі кезеңде өткізілді. І қашықтық іріктеу кезеңіне 140 оқушы қатысты. Павлодар қаласының С.Торайғыров ат. ЖОМ олимпиаданың ІІ ақтық кезеңіне 111 оқушы  қатысты.

Ұзақ интеллектуалды жарыс нәтижесінде I орынға Павлодар қ. С. Торайғыров ат. ЖОМ 7-сынып оқушысы Агулярный Роман, дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 7-сынып оқушысы Мұхарам Тұрар, Успен ауданы Ш. Айманов ат. ЖОМ 9-сынып оқушысы Болатжанов Алан, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Григораш Анастасия иеленді.

II орын – Павлодар қ. №38 ЖОМ 6-сынып оқушысы Габдуллин Нурадиль, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Сабиева Самира, Павлодар қ. А. Шамкенов ат. мектеп - лицейінің 8-сынып оқушысы Туркин Егор, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Власов Сергей алды.

III орын – Павлодар қ. № 41 ЖОМ 7-сынып оқушысы Богомолов Иван, дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 6-сынып оқушысы Мамытов Ильяс, Павлодар қ. №25 ЖОМ 8-сынып оқушысы Каиртасов Адлет, дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 9-сынып оқушысы Островский Ждан. 

«Тапқыр оқушысы» номинациясы Екібастұз қ. № 23 ЖОМ 6-сынып оқушысы Нечаев Виктор, Павлодар қ. Торайғыров ат. ЖОМ 7-сынып оқушысы Кабдрашев Арыстан, Павлодар қ. Ә. Бөкейхан ЖОМ 7-сынып оқушысы Смагулов Карим, Павлодар қ. Ш.Шөкин ат. ЖОМ  8-сынып оқушысы  Кильдигузина Амелия, Павлодар қ. Ш.Шөкин ат. ЖОМ  8-сынып оқушысы Стоколяс Максим, Павлодар қ. №7 ЖОМ 9-сынып оқушысы Ашкен Медеуге берілді.

«Жас бағдармашы» номинациясы дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Кайдаров Мади, Павлодар қ. №17 ЖОМ 6-сынып оқушысы Горелов Марк, Павлодар қ. №7 ЖОМ 8-сынып оқушысы Әсетқызы Асыл, Павлодар қ. № 39 ЖОМ 8-сынып оқушысы Моргунова Янаға табысталды.

«Талпыныс» номинациясы Павлодар қ. №38 ЖОМ 6-сынып оқушысы Кусанов Имран, Павлодар қ. № 39 ЖОМ 7-сынып оқушысы Власов Роман, Екібастұз қ. № 35 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Мыльников Мирон, Екібастұз қ. № 23 ЖОМ 9-сынып оқушысы Полуэктов Владислав, Ақсу қ. Қалқаман ауылының ЖОМ 9-сынып оқушысы Калиниченко Данил, Павлодар қ. С. Торайғыров ат. ЖОМ  8-сынып оқушысы Рыспеков Александр алды.

Олимпиаданың салтанатты жабылу кешінде қатысушыларға облыстық орталық сертификаттары табысталды, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер Білім беру басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.