Қала оқушылары көктемгі демалысты қалай өткізеді

Қала оқушылары көктемгі демалысты қалай өткізеді

2025 жылғы 21 - 31 наурыз аралығында мектеп оқушылары үшін көктемгі демалыс өтеді. Демалыс күндері қала мектептері мен қосымша білім беру ұйымдары 45000-нан астам оқушының бос уақытын ұйымдастыру үшін іс-шаралар жоспарланған.

Қала мектептерімен Шамсутдинова атындағы музейге, планетарийге, Ш. Айманов атындағы кинотеатрға, Г. Н. Потанин атындағы өлкетану мұражайына экскурсия жоспарланған. 25000-нан астам оқушылар спорт үйірмелерінде, секцияларда, спорттық іс-шараларда, қызығушылықтары бойынша клубтардың жұмыстарында бос уақыттарын өткізетін болады.

Демалыс кезінде балалардың елдің көрікті жерлерін зерттеуге экскурсияға шығуы дәстүрге айналды. Сонымен, № 21 ЖОМ оқушылары елордаға, ал № 17 ЖОМ оқушылары Алматыға экскурсияға барады. Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері Талдықорған қаласындағы «Горизонт - 2025» жабық бөлмелердегі туристік көпсайыстан кубоктың республикалық жарысына қатысады.

«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының аула клубтарында 3000-нан астам баланың қатысуымен қызықты «Көңілді старттар», қауіпсіздікті сақтау бойынша квест-жарыстар, «Наурыз құпиялары» квесттері өтеді.

Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі композициялық жұмыстарды орындау, сурет салу, мүсіндеу бойынша шығармашылық күндер өткізеді.

Салауатты тамақтануды насихаттау бойынша «Салауатты мектеп» жобасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы 9-сынып оқушыларының қатысуымен пайдалы салаттар дайындау бойынша «Аспаздық мектеп» байқауын өткізеді.

Балалар музыка мектебі «Музыкалық пазл» байқауын, «Наурыз - жаңа өмірдің бастауы» челлендждерін өткізуді жоспарлап отыр. Балалар техникалық мектебі «Жас шеберлер галереясы» көрмесімен демалыс кезінде оқушылардың бос уақытының қамтылуын қорытындылайды.