
Облыстың білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарының 110 оқушысының, қалалық, аудандық кезеңдердің жеңімпаздарының қатысуымен Әбіш оқуларының облыстық кезеңін қорытындылады. Ережеге сәйкес конкурс 4 бағыт бойынша өтті.
Павлодар қаласының командасын№ 2 (5), 38, 43, М. Жүсіп, А. Бөкейхан атындағы (2) жалпы білім беретін мектептердің 10 оқушысы таныстырды. Оқу қорытындысы бойынша қаланың төрт оқушысы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде бірінші орын - 2, үшінші орын - 2.
«Иллюстрация» бағытында екі оқушы, оның ішінде І орынды Молдағали Ибраһим, А.Бөкейхан атындағы лицей-мектептің 9 сынып оқушысы және ІІІ орынды № 43 мектептің 11 сынып оқушысы Брусенко Валерия иеленді. Ибраһим Ә. Кекілбаевтың «Тырау - тырау тырналар» шығармасына иллюстрация орындады.
«Мәнерлеп оқу» бағытында І орынды А.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Хамитова Амина «Өмір – күрес» прозасынан үзінді оқығаны үшін иеленді.
«Зерттеу жұмысы» бағытында ІІІ орынды № 38 мектептің 10 сынып оқушысы Хуаныш Мұнара «М.Жұмабаевтың өмірімен шығармашылығы» жұмысы үшін иеленді.
Облыстық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды.