Инклюзивті оқытуға арналған оқу дизайны

Инклюзивті оқытуға арналған оқу дизайны

2025 жылғы 12 наурызда Павлодар қаласындағы № 6 орта мектепте Павлодар қаласы мен Павлодар облысының 13 ауданындағы мектеп басшыларының орынбасарлары мен мұғалімдеріне арналған «Жалпы білім беру сыныптарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру тәжірибесінен» атты облыстық семинар өтті.

Мұғалімдер, мектеп әкімшілігі және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі қаладағы және облыстағы әріптестерімен ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқу үдерісіне қосу тәжірибесімен бөлісті, тренингтер, шығармашылық зертханалар мен шеберлік сабақтарын өткізді, инклюзивті білім беру аясында «Бір ұстас тәрбие» білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы тәжірибелерімен таныстырды.

Педагогикалық ұжымның тәжірибесі әріптестер тарапынан жоғары бағаланып, облыс мұғалімдерінің тәжірибесінде сұранысқа ие болмақ.