Математика пәнінен облыстық олимпиаданың жеңімпаздары

Математика пәнінен облыстық олимпиаданың жеңімпаздары

Павлодар қаласының «Детвора» жекеменшік мектебінің оқушылары математикадан облыстық олимпиаданың жеңімпаздары атанды. Бұл Артем Путиков, 2-сынып оқушысы және Әбілхайыр Мұхамедияров, 4-сынып оқушысы, олар облыстық құрама команданың құрамында республикалық олимпиадада біздің өңірдің атынан қатысатын болады.

Қазір олардың мұғалімдері Лобанова Анна Сергеевна мен Васильева Татьяна Петровна олимпиаданың республикалық кезеңіне белсенді дайындауда.

Сегіз жасар Артем бұл олимпиадаға алғаш рет қатысып, бірден керемет нәтижелер көрсетті. Алайда, ол пәндік олимпиадаларға қатысып, «Математика без границ» халықаралық олимпиада - I, II орын (2024 - 2025 жылдар), республикалық олимпиадаларында «FEMO - III орын (2024 жыл), I орын – «Ақ Бота» (2024 - 2025 жылдар), «Кенгуру» (2025 жыл) алды. Сондай-ақ, жас математик басқа пәндерге де қызығушылық танытып, «Кенгуру-лингвист» (2025 жыл), «BritishBulldog» (2024 жыл) халықаралық байқауда ағылшын тілі бойынша, республикалық олимпиадада жаратылыстану пәні бойынша «Ақ Бота» (2024 жыл), қазақ тілі, орыс тілі, әдеби оқу бойынша (2025 жыл) I орын алды.

- Олимпиадаларға қатыса отырып, ой қабілетімді кеңейтемін, жаңа нәрселерді, шешудің жаңа тәсілдерін үйренемін, грамоталар мен медальдар алып, мақтаныш пен қуаныш сезімін сезінемін. Болашақта жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысқым келеді, - дейді жас математик.

Он бір жасар Әбілхайыр - нақты, жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық ғылымдарды түсіну қабілеті бар өте дарынды оқушы. Әбілхайырда жоғары деңгейдегі логикалық ойлау қабілеті дамыған. Ол өте ынталы және еңбекқор оқушы. Түрлі деңгейдегі байқаулар мен пәндік олимпиадаларға белсене қатысады. Биылғы жылы «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының мектепішілік және қалалық кезеңдерінен сәтті өттіп, облыстық турға қатысты. «Математика без границ», «FEMO» халықаралық математика, облыстық, республикалық «Бастау» (2024 жыл) олимпиадаларының жеңімпазы.

Мен олимпиадалық есептерді шешудің жаңа тәсілдерін ойлап тапқым келеді, математика саласында қандай да бір жаңалық ашқым келеді, - дейді олимпиаданың жеңімпазы.