Жас музыканттар ансамбльдерінің шеруі

Жас музыканттар ансамбльдерінің шеруі

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің «Ансамбльдер шеруі» бес күндік фестиваліне 7 - 16 жас аралығындағы 400 оқушыдантұратын 25 аспаптық ансамбль қатысып, ансамбльдік музыканың байлығы мен алуан түрлігін көрсетті.

Қазақ халық аспаптары, «Карусель», «Кадриль» орыс халық аспаптары оркестрлері, «Өрлеу», «Тұмар», «Балбұлақ» домбырашылар, «Сарыарқа», «Шолпан», «Ерке саз» қобызшылар, «Астурия», «Маэстро», «Волшебные струны» гитаристер ансамбльдері, этно-фольклорлық «Шашу», «Задоринка» қасық ойыншылары, скрипкашылар «Квинта», «Allegro», «Гварнери», «Брэвис», аспаптық «Дженикс», «Sax music», флейташылар «Жұлдыздар» ансамбльдері өз шеберліктерін көрсетті. Ұжымдардың репертуарында классикалық, халықтық және заманауи музыка К. Ахмедияровтың, Е. Тоқсабановтың, Қазанғаптың, Ыбырайдың, Ықыластың, Ә. Жұбановтың, Е. Үсеновтің, А. Вивальдің, А. Алпысбаевтің, Н. Тілендиевтің, Курбаниета, Б. Тажибаевтің, Б. Қуаналиевтің, А. Новиковтың, Ш. Қалдаяқовтың, Қ. Шілдебаевтің, В. Коровицыннің, Г. Уорреннің, Е. Медведовскийдің, А. Цфасманның, А. Жульевтің композиторлардың шығармалары шырқалды, бұл ансамбльдік музыканттың жан-жақтылығын ашуға мүмкіндік берді.

- «Ансамбльдер шеруі» шығармашылық көрініс алаңына, кәсіби қалыптасу кезеңіне айналды. Бірлескен орындау ансамбльдік ойын сезімін, өзара түсіністік пен әртісті дамытады, командалық рухты нығайтады, - дейді домбыра сыныбының оқушысы 14 жастағы Дария Абельдинова.

Мектеп педагогтері ұжымдарды даярлаудың жоғары деңгейін, олардың көркемдік мәнерлілігі мен техникалық шеберлігін атап өтті. Көптеген ансамбльдер тыңдаушыларды музыкалық интерпретацияның нәзіктігімен, орындаудың синхрондылығымен және бағдарламалардың өзіндік ерекшелігімен таң қалдырды.

- Фестиваль көрермендер мен қатысушыларға ұмытылмас эмоциялар сыйлаған нағыз музыка мерекесіне айналды. Мұндай іс-шаралар музыканттардың өскелең ұрпағын тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады, оларды одан әрі жетілдіруге және олардың шығармашылық әлеуетін ашуға ынталандырады, - дейді басшының орынбасары Елена Поршнева.