
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Малайсары батыр атындағы мектеппен бірлесіп Малайсары батырға арналған ұлттық ойындар фестивалін өткізді. Мақсаты-дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбие, ұлттық ойындарды білу, салауатты өмір салтын ұстану.
Жарысқа№ 2, 6, 7, 11, 14, 18, 25, 27, 29, 33, 35, 38, 39, 40, 41, 43, Малайсары батыр атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, М. Жүсіп атындағы, А. Шамкенов атындағы, А. Байтұрсынұлы, Б.Момышұлы атындағы, Р. Нұртазина атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл мектептерінің 5-11 сыныптарының 131 оқушылары қатысты.
Қатысушылар «Асық ату»,«Бес асық»,«Ләңгі», «Серке тарту», «Садақ ату» байқауына қатысты.
«Асық ату» жарысының қорытындысы бойынша 5 сыныптың 7 қатысушысы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде Малайсары батыр атындағы мектептің оқушысы Мағауия Хасан I орынды иеленді. ІІ орынды № 33, 40, Қ.Бекқожин атындағы мектептің оқушылары, ІІІ орынды № 41, 38, 35 ЖОМ оқушылары иеленді.
«Ләңгі» бойынша жүлделі орындарды 7 - сыныптың 6 қатысушысы иеленді, оның ішінде І орынды № 2 ЖОМ оқушысы Тілеулес Елдан, ІІ орынды Малайсары батыр атындағы, Ж.Тәшенев атындағы мектептердің оқушылары, ІІІ орынды А. Байтұрсынұлы атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, № 6 мектептің оқушылары иеленді.
«Серке тарту» бойынша жүлделі орындарға 10-11 сыныптардың 5 қатысушысы ие болды, оның ішінде I орынды № 18 мектептің 10 сынып оқушысы Чекалкин Захар, II орынды № 11 ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ оқушылары, III орынды № 39, 25 ЖОМ оқушылары иеленді.
«Садақ ату» бойынша 6 сыныптың 3 қатысушысы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орынды Малайсары батыр атындағы мектептің оқушысы Абдрахманов Расул, ІІ орынды Қ.Бекхожин атындағы мектептің оқушысы, ІІІ орынды № 35 мектептің оқушысы иеленді.
«Бес асық» бойынша жүлделі орындарға 9 сыныптың 8 қатысушысы ие болды, оның ішінде І орынды Ж.Тәшенов атындағы мектептің оқушысы Темірханова Сабина, ІІ орынды Малайсары батыр атындағы мектептің, Кенжекөл ЖОМ оқушылары, ІІІ орынды А. Байтұрсынұлы атындағы, № 7, 35, 41, Қ. Бекхожин атындағы мектептердің оқушылары иеленді.
Жалпы командалық есепте І орынды Малайсары батыр атындағы мектеп оқушыларының командасы, ІІ орынды Қ.Бекхожин атындағы мектеп командасы, № 35, ІІІ орынды Ж. Тәшенев атындағы мектеп командалары, № 2, 41, Кенжекөл ЖОМ жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды.
- Фестиваль қатысушыларға ұлттық ойындардың ережелері мен түрлері туралы білімдерін тексеруге көмектесті. Олар ұлттық спорт түрлерімен шұғылданатындықтарын, ойын барысындағы дағдыларымен бөліскендерін, еліміздің салт - дәстүрлері мен мәдениетіне адалдықтарын көрсете білді, - дейді «Павлодар дарыны» орталығының жетекшісі Мұхаметжанова Ақмарал Люлятовна.