Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының үздік педагогтары анықталды

Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының үздік педагогтары анықталды

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2025 жылғы 7-21 ақпан аралығында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі - 2025» республикалық байқаудың қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды. 

Қалалық байқауға № 5, 8, 18, 24, 27, 30, 32, 33, 42, 72, 104, 111, 112, 121 сәбилер-балабақшасының16 педагогі, оның ішінде 12-тәрбиеші, 3-музыка жетекшісі, 1-логопед қатысты.

I турдың қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 9 педагог «Балалармен өткізілетін педагогикалық іс-шара» атты II турға жіберілді.

Балабақша пелагогтерінің ұсынылған тақырыптар бойынша педагогикалық қызметтін, жобалау қабілетін бағалау мақсатында II тур қатысушылары № 24, 33, 72, 30, 8, 42, 104, 27, 42 сәбилер-балабақшасы педагогтары бейтаныс топта балалармен ашық іс-шара өткізіп, өздерінің инновациялық педагогикалық тәжірибелерін таныстырды.

Қазылар алқасының мүшелері байқаудың қорытындысын шығарып,төрт жеңімпаз анықталады: бас жүлде, 1, 2, 3 орын және «Креативті педагог», «Шығармашыл педагог», «Мамандыққа адалдық» номинацияларынан бір жеңімпаздан.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені № 30 сәбилер-бақшасының тәрбиешісі Асаинова Сандуғаш Кәкімқызы иеленді. Мәселені шешу үшін педагог инновациялық дидактикалық ойындарды қолдана отырып, жаңа материалды игеруге негіз болатын жағдайларды, әдістер мен тәсілдердіқолданады.

I орын № 33 сәбилер-бақшасының тәрбиешісі Бакеева Ботагөз Серікқызына берілді. Педагог ойын технологиялары практикасында қолданатын ұлттық құндылықтар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативті қызметі мен бастамашылығын дамытуға бағытталған.

II орын иегері № 24 сәбилер-бақшасының тәрбиешісі Дорн Елена Алексеевна оқу сауаттылығын дамыту бойынша ұйымдастырылған қызметте инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, балалар ұжымын шебер меңгерген.

III орын № 27 сәбилер-бақшасының тәрбиешісі Войцеховская Анастасия Сергеевнаға берілді. Пелагог мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларын дамытуда квест технологиясын қолданудың тиімді әдістерін көрсетті.

«Мамандыққа адалдық» номинациясы № 104 сәбилер-бақшасының музыка жетекшісі Сәуле Қайырқызы Жұмабаеваға берілді. Педагог денсаулық сақтау технологиялары арқылы қойылған білім беру мақсаттары мен міндеттерін табысты іске асырады.

№ 8 сәбилер-бақшасының тәрбиешісі Қабдуллина Айнұр Мерғалымқызы «Шығармашылдық педагог» номинациясымен аттанды. Тәрбиеші білім беру процесінин терактивті және қызықты ету үшін заманауи технологиялармен білім беру құралдарын белсенді қолданады.

«Креативті педагог» номинациясы № 42 мектепке дейінгі гимназия тәрбиешісі Сайбель Валентина Николаевнаға берілді. Педагог дәстүрлі оқыту әдістерімен шектелмейді, бірақ мектеп жасына дейінгі балалардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа тәсілдермен әдістерді табады.

Ең көп балл жинаған қалалық кезеңнің бес жеңімпазы байқаудың облыстық кезеңіне жіберіледі.

Байқау жүлдегерлерін салтанатты марапаттау м ұғалімдер күніне арналған қалалық іс-шарада өтеді.