Инклюзивті білім беру: тәжірибе және перспективалар

Инклюзивті білім беру: тәжірибе және перспективалар

«Жол картасын» іске асыру аясында М. Әлімбаев атындағы мектеп базасында 60-тан астам директор орынбасарларының, бастауыш сынып мұғалімдерінің, пән мұғалімдерінің, логопедтердің, педагог-психологтердің, жалпы білім беретін нысаналы мектептердің педагог-ассистенттердің қатысуымен «Инклюзивті білім беру: тәжірибе және перспективалар» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша семинар-практикум өтті.

Пленарлық бөлімде спикерлер Динара Тоғанбекова, «Өрлеу» республикалық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты филиалының аға оқытушысы «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында, Бақытжамал Максилова, «Нұр-Ана әлемі» облыстық мекемесінің төрағасы, Анастасия Алиясова, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Британ Кеңесінің жаттықтырушысы, «Сигма» жасөспірімдер академиясының жетекшісі - «Инклюзия өмір салты ретінде» тақырыбында, Лаура Тоқтағылова, облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектолог-логопеді - «Арнайы педагог жұмысында сенсорлық интеграция әдістемесін қолдану» тақырыбында, Дәуіт Саттар, полицияның аға лейтенанты, Далия Ибадильдинова, ата-ана, Қаражан Татбай, облыстық мұрағат басшысының орынбасары, ата-ана - «Бала тәрбиесіндегі - әкенің рөлі» тақырыбындасөз сөйледі.

Ашық диалог алаңында спикерлер инклюзивті білім беру мүгедектігі бар және ерекше білім беруді қажет ететін әрбір балаға өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге мүмкіндік беретін сыйластық, қабылдау және қолдау қағидаттарына негізделгенін атап өтті. Бұл құндылықтар оқу орындарында, инклюзивтілік үйлесімді және әділ қоғам құруға негіз болатын күнделікті өмірде маңызды.

Практикалық бөлімде мұғалімдер инклюзивті тәсіл әдістемесі, адамдардың әртүрлі топтарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, қабылдау мен коммуникациядағы кедергілерді еңсеру, әртүрлілік бағаланатын ортаны құру бойынша шеберлік сағаттарын көрсетті.

«Дарынды балаларды оқытудағы жасанды интеллект» тақырыбында орыс, ағылшын тілдері, бастауыш сынып мұғалімдері Қымбат Уалиева, Дана Әубәкірова, Любовь Яковлева, «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыста ұлттық құндылықтар элементтерімен оқытудың белсенді әдістерін қолдану» тақырыбында қазақ, ағылшын тілдері, физика, дене шынықтыру мұғалімдері Салтанат Әбілманова, Еркебұлан Өсербайұлы, Жадыра Дүйсенова, Нұрсұлтан Ақылбек,«Сабақтан тыс бос уақытты ұйымдастыру: оқушыларға қосымша білім берудің негізгі аспектілері» тақырыбында тәлімгер, дене шынықтыру мұғалімдері, Динара Нұрғалиева, Елена Танкова, Алина Ахмолдина, Алмас Қашау, «Түзету және қолдау: ерекше білім беруді қажет ететін балалардың үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау» тақырыбындалогопед-мұғалімдер, дефектологтер, педагог-психологтер Азина Акумбаева, Айжан Нұрбаева, Гүлмира Хуатханжұмыс тәжірибесін ұсынды.

Рефлексия еркін микрофон түрінде өтті. Семинар материалдары практикада пайдалану үшін қала мектептеріне жолданды.