Жаңа мектеп - заманауи мұғалім

Жаңа мектеп - заманауи мұғалім

Жас педагогтердің мәртебесі мен шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында 2025 жылғы 29 қаңтар - 12 ақпан аралығында Павлодар қаласының білім беру бөлімі қаланың 27 жалпы білім беретін мектебінің 35 жас педагогінің қатысуымен «Жаңа мектеп-заманауи мұғалім» VII Республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді.

Конкурс үш тапсырмадан тұрды – «Жаңа мектеп-заманауи мұғалім» тақырыбында эссе жазу, «Шығармашылық жолдың басталуы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру және бейтаныс сыныпта сабақ өткізу.

Конкурстың екі тапсырмасының қорытындысы бойынша 70% - дан астам балл жинаған 14 қатысушы № 25 және С. Торайғыров атындағы мектептер базасында бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізуге қатысты.

Қалалық кезең қорытындысы бойынша үш қатысушы жүлделі орындарға ие болды, бес қатысушы конкурстың номинанттары атанды.

I орынды № 41 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Нияз Ерболович Ауталипов иеленді.

II орынды С. Торайғыров атындағы ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі Жания Даниярқызы Бақытжан иеленді.

III орынды М. Әлімбаев атындағы ЖОМ физика пәнінің мұғалімі Ахылбек Нұрсұлтан иеленді.

«Шеберлік шыңына» номинациясын Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Дария Барлыбаевна Сейтказина, «Үміт» номинациясын № 2 ЖОМ физика мұғалімі Зейнеп Хаджимуратовна Кульманова, «Шығармашыл педагог» номинациясын Айнұр Маратқызы Тлеген, № 29 ЖОМ математика мұғалімі, «Ізденімпаз» - Инара Амантаевна Искакова,  Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Айдана Сабыровна Усенова - № 18 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі иеленді.

Конкурс кезеңінің қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаланы облыстық кезеңде таныстырады. Бейтаныс сыныптарда сабақ өткізген педагогтер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің сертификаттарын алды.