
«Алтын қазына» республикалық көрме-байқауының қалалық турына Ш. Шөкин атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, № 39, 6, 32, 35, 40, 33, 2, Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебі, Павлодар қаласының «Жалын» балалар-жасөспірімдер клубының 5-9 сынып оқушыларының 87 жұмысы ұсынылды. Мақсаты - көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту, мәдени құндылықтарға баулу. Ұйымдастырушы - Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі.
Байқау қорытындысы бойынша 21 қатысушы дипломант атанды, І дәрежелі - 7, ІІ дәрежелі - 7, ІІІ дәрежелі - 7, «Шеберлік» номинациясын 1 оқушы алды.
- Қатысушылар байқаудың барлық номинацияларында өздерінің дағдылары мен эстетикалық талғамдарын көрсетті,-дейді қазылар алқасының төрағасы Ерсаиын Каскиевич Такирбасов, Қазақстан Республикасы өнер академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі. - Мектептерде балаларға сәндік-қолданбалы өнердің дәстүрлі түрлеріне деген сүйіспеншілік оятылғаны қуантады.
І дәрежелі дипломанттар Зейнеп Айғожина, Қ. Бекхожин атындағы мектептің оқушысы «Тоқыма бұйымдарын жасау: гобелен, кесте тігу, батик, киіз басу, жамау пластикасы» номинациясы бойынша, № 32 мектептің оқушысы Муслим Уалитов «Ағашты, сүйекті, былғарыны көркем өңдеу: көлемді және жалпақ ою, ағашқа сурет салу, ағаштан жасалған бұйымдар, қайың қабығы; инкрустация (сүйек, металл, ағаш номинациясы бойынша)» номинациясы бойынша, Ерсұлтан Кеңесхан, Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектептің оқушысы «Металды көркем өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын пішінді мүсін, монета, соғу» номинациясы бойынша, Абулгазинов Шахзод, Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектептің оқушысы «Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабаннан, ағаштан, тоқыма бұйымдарынан шағын пішінді мүсіндер жасау» номинациясы бойынша, Қарасай Жауһар, № 39 ЖОМ оқушысы «Ұлттық ою-өрнек элементтері бар халықтық киім үлгісін жасау» номинациясы бойынша, Вероника Чечерина, Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектебінің оқушысы «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» номинациясында, Рудольф Барков, № 6 ЖОМ оқушысы «Ұлттық дәмі бар интерьер дизайны жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт» номинациясында. Олар «Натюрмор» панносының сәндік жұмыстарын киізден аппликация техникасында, ағаштан «Бесік», металды өңдеу техникасында «Тышқан,көбелек, скорпион», ағаштан «Өнерлі отбасы және тың игеру», киізге моншақ тігу және киіз басу техникасында «Аксессуарлар жинағы», киізден «Ұлттық аспаптар» папье-маше техникасында, киізден жасалған «Киіз үй» техникасында жұмыстарын дайындады.
II дәрежелі дипломанттар А. Бөкейхан атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, Ш. Шөкин атындағы, № 40 мектептердің оқушылары болды. Олар киізден «Сәукеле», киіз басу техникасымен «Менің әлемім Қазақстан», батиктен «Биші қыз» қуыршағын, қағаздан «Көктем мешіті» дизайнын, қағаздан «Алдар Көсе», сүйектен «Дала еркіндігі» панносын жасады.
№ 40, Ташенев атындағы, А. Бөкейхан атындағы, Ш. Шөкин атындағы, № 39, 2 мектептердің оқушылары III дәрежелі дипломанттар атанды. Олар тоқыма бұйымдарынан «Халықтар достығы» панелін, «Шолпы топтамасы» зергерлік бұйымдар топтамасын, «Танк Т-34 екерткіші» ағаштан жасалған макет, папье-маше техникасында «Тәуелсіздік таңы атты» панелін, «Саяжай», «Бір шаңырақ астында» дизайн-жобасын, бисермен кесте тігу техникасында бас киім дайындады.
«Шеберлік» номинациясынмүсіндік пластилиннен жасалған «Жайлау» жұмысы үшін № 32 ЖОМ оқушысы Иманғазайт Әмір алды.