Мектеп әкімшілігінің жұмыс тәжірибесімен таныстыру шеңберінде 2025 жылғы 12 ақпанда Павлодар қаласының № 18 мектеп базасында өсу нүктелері, құзыреттілік нүктелер және нысаналы мектептердің әдістемелік және оқу жұмысы бойынша қаланың жалпы білім беретін мектептері басшыларының 44 орынбасарларына арналған «Сабақтарды жоспарлау бойынша педагогтердің қызметіне тиімді әдістемелік сүйемелдеуді іске асыру арқылы оқыту сапасын қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша семинар өтті.
Сабақты жоспарлау - бұл мұғалімнен пән бойынша терең білімді болу ғана емес, сонымен қатар оқытудың жаңа технологияларын, әдістемелері мен тәсілдерін біріктіруді талап ететін процесс. Семинар-практикумның басты мақсаты сабақтарды жобалауда педагогтерді әдістемелік сүйемелдеудің әртүрлі нысандарын таныстыру болды.
Семинарға қатысушылар үшін іс-шараның теориялық бөлімінде мектеп басшысының орынбасары Ш. А. Ахметжанова «Сабақтарды жоспарлау бойынша педагогтердің қызметіне тиімді әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру арқылы оқыту сапасын қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен таныстырды. Мектеп басшысының орынбасары Е. А. Петрова «Тікелей диалог сағаты: мұғалім-әдіскер» тақырыбында сабақ өткізуде әдістемелік сүйемелдеу және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру мәселелері жөнінде пікірталас өткізді.
WORKSHOP практикалық бөлімінде А. Б. Исимова, Д. А. Нұрғазинова «Сингапур әдістемесі бойынша заманауи сабақ» тақырыбында шеберлік сабақты ұсынды. Сабаққа ресурстарды дайындау үшін мектептердің тұрақты жұмыс істейтін семинарлары мен шығармашылық топтарының жұмысын ұйымдастыру және өткізу арқылы оқу процесіне әдістемелік сүйемелдеуді мектеп мұғалімдері Л. Ю. Төлеуленова, А. К. Байбулова, А. Х. Каппарова, С. А. Ляхова, М. Б Жетенова, А. Ж. Имамбаева, Б. Н. Абеева, Т. И. Гайбель, С. Ф. Набиева, М. В. Иванникова, Ж. М. Канаева, В. В. Чубова, Г. Е. Рогатова көрсетті.
Интерактивті форматта мектеп басшысының орынбасары Е. Н. Манько ұйымдастырған рефлексивті практика барысында қатысушылар семинардың практикалық маңыздылығын жоғары бағалады, тәжірибеде іске асыру үшін өзекті тәжірибені анықтады.