
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында № 2 мектеп базасында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 45 бастауыш сынып жетекшілерінің қатысуымен «Эмоционалдық кедергілер мен мінез-құлық проблемалары: сынып жетекшісінің стратегиясы» атты қалалық семинар-практикум өткізілді. Мақсаты - адамгершілік, этикалық тәрбиені, қарым-қатынас мәдениеті мен бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, төменгі сынып балаларымен профилактикалық жұмыс. Ұйымдастырушы - Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы.
Семинарда орталық әдіскері Сымбат Мұсатаева сынып жетекшілерінің жұмысында пайдалану үшін нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсініктемелер берді.
М. Жүсіп атындағы мектептің психологы, С. Торайғыров атындағы № 2 мектептің педагогтары «Эмоционалдық кедергілер мен мінез-құлық проблемаларын шешудегі сынып жетекшісінің рөлі» , «Сынып жетекшісінің сезімталдықты қамтамасыз етудегі рөлі» тақырыбындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушыларға балалар арасындағы ахуалдық мәселелерді шешу бойынша бейнеролик ұсынылды.
М. Жүсіп атындағы мектептің психологы жеке кеңес беру, ата-аналармен кездесу мәселелері бойынша тренинг өткізді. Топтық жұмыста қатысушылар оқушылардың мектеп ортасындағы өзара іс-қимылын жақсарту, балалар арасында бұзақылықтың алдын алу бойынша мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен жұмысы туралы мәселелерді пысықтады.
Сұхбат алаңында қатысушылар мұндай іс-шаралар білім алушылармен, ата-аналармен оқу-тәрбие процесінде пайдалану үшін жұмыс түрлері мен әдістерін алмасуға ықпал ететінін атап өтті.
Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар беріліп, спикерлер «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарына ие болды.