Мектеп оқушыларының буллингке қарсы жұмыстары

Мектеп оқушыларының буллингке қарсы жұмыстары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және  балалардың  дарындылығын дамыту орталығында қаланың 24 жалпы білім беретін мектебінің 7 сыныптарының 120 оқушысынан тұратын 24 команданың қатысуымен «Құрмет және достық: комикс против буллинга» қалалық байқауы өткізілді. Мақсаты - қоғамда және мектеп өмірінде буллингтің теріс әсері туралы хабардарлықты арттыру, оқушылардың креативті ойлауы мен көркемдік қабілеттерін дамыту.

Байқау шарттары бойынша командалар өздерінің комикстерін A4 форматындағы журнал түрінде ұсынды. Комикс буллингтің салдарын, оны болдырмау және онымен күресу жолдарын көрсетуі тиіс.

Байқау қорытындысы бойынша 12 оқушы жеңімпаз атанды, оның ішінде І орын - 2, ІІ орын - 4, ІІІ орын - 6.

- Шығармашылық жұмыстардың ішінде А.Байтұрсынов атындағы мектептің оқушылары «Кубики» комиксі мен № 27 мектептің оқушылары, бірінші орын алған «Біз буллингке қарсымыз» комиксі үшін үздік атанды. Олар өз жұмыстарында орындалу деңгейі мен тәсілдің бірегейлігін көрсете алды. Комикстерге қатысушылар буллингтің айналасындағыларға, осындай жағдайларға қарсы алдын алуға кері әсерін көрсетті, - дейді Павлодар қаласының балалар көркемөнер мектебінің педагогы Дамир Сиықов.

Сондай-ақ, екінші орын алған № 6 мектеп оқушылары «Буллингтің салдары және оны болдырмау жолдары» комиксіне шығармашылық тұрғыдан келді.

- Маған комиксте достықтың буллингпен күресуге көмектесетінін көрсеткені қатты ұнады. № 30 мектептің «Дастан» комиксіндегі кейіпкер сияқты дос болғым келеді, - дейді М.Жүсіп атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Азалия Тілегенова.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.