Павлодар оқушыларының волонтерлік қызметі

Павлодар оқушыларының волонтерлік қызметі

«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық әлеуметтік жобасы аясында Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 мектебінің бастамашыл еріктілер тобы облыстың қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесіне барды. Мақсаты - адамгершілік тәрбие, қарт адамдардың мәселелеріне назар аудару, қарт адамдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, олардың бос уақытын ұйымдастыру.

- Мектептің жас еріктілері қатысушыларға қуаныш пен жылулықтың нағыз салтанатын сыйлады. Бағдарламада мерекелік ахуалды құрған әндер, билер мен өлеңдер болды. Көрермендерге жарқын эмоциялар мен позитив қуатын сыйлаған «Би революциясы» мектеп би ансамблінің қойылымы ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Отан туралы жанды әндер және игі істер мен аға ұрпаққа қамқорлықтың маңыздылығын атап өткен, мейірімділік туралы өлеңдер айтылды, - дейді мектептің ағылшын тілі мұғалімі, Ұлттық волонтерлік желінің елшісі, Анна Владимировна Пилипенко. 

«Birgemiz: Qamqor» жобасы мектеп оқушыларын әлеуметтік қызметке белсенді тарта отырып, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасауға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыруда. Мұндай іс-шаралар мейірімділік, қолдау ахуалын құруға көмектесіп қана қоймай, жастардың аға буынға деген құрметін және мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға деген ұмтылысын қалыптастырады.

- Мұндай жобаға қатысу бізге аға буынды бағалауға, қамқорлық көрсетуге және жылумен бөлісуге үйретеді. Бұл жанымызда терең із қалдыратын баға жетпес тәжірибе», - дейді 9 сынып оқушысы, 7 сыныптан бастап мектеп еріктісі, Василина Столярова.