Химияны зерттеуде проблемалық тәсілді қолдану

Химияны зерттеуде проблемалық тәсілді қолдану

Павлодар қаласы білім бөлімі М. Ауэзов атындағы орта мектеп базасында «Химия сабақтарында проблемалық оқыту: теориядан практикаға» тақырыбында семинар-практикум өткізді. «Химия пәнін оқытуда өмірлік жағдайларды шешу үшін «softskills» проблемалық оқыту әдісін қолдану», «Құзыреттерін дамыту мақсатында мини STEM жобаларын енгізу», «Оптикалық иллюзиялар жобасы - Тауматроп» тақырыбы да қарастырылды.

Шеберлі сағатын М. Ауэзов атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Жолдыбаева Динара Турсынбековна мен Жетекші орта мектебінің мұғалімі Сидоренко Инна Игоревна ұйымдастырды. Семинарға 30-дан астам химия пәні мұғалімдері қатысып, төрт мини-жоба бойынша жұмыстар жасады: «Оптикалық ойыншық - тауматроп» «Оптика» бөлімінен пән аралық байланыс аясында, «Үй жағдайында парфюм жасау», «Су тазарту фильтрі жасау».

- Әрбір топ өз жобаларын қорғап, зерттеу нәтижелерін көрсетті. Мұндай практикалық жұмыстар жобалық қызметке және зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын  арттырады. Оқушылардың жаңа жобалар жасауға ынтасын оятып, химияны тұрмыста қолдануға қызығушылықтарын  арттырады. Мұндай шеберлік сағаттарынан  жаңа авторлық бағдарламалар мен жобалар дүниеге келеді, - дейді Павлодар қаласы білім бөлімінің әдіскері Шолпан Нұрахметова.