
«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының қалалық кезеңін Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы № 6 мектепте өткізді. Мақсаты - Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын білу, шығармашылық және көркемдік қабілеттерін дамыту, көркем және классикалық әдебиетті оқу дағдыларын тәрбиелеу.
- Бүгінде Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы жастарды және жаңадан бастаған жазушыларды шабыттандырып келеді. Ал оның кітаптары мәңгілік өмір сүреді, себебі олар өткеннің сабақтарын ғана емес, қазіргі қоғамды толғандыратын сұрақтарға да жауап береді, - дейді орталықтың әдіскері Айгүл Шәкенова.
Байқауға төрт бағыт бойынша 31 жалпы білім беретін мектептің 8-11 сыныптарының 111 оқушысы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 72 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 8 оқушы, II орын - 27, III орын - 37.
«Иллюстрация» бағытында Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Молдағали Ибрагим І орын , автордың туындылары бойынша сурет байқауы, ІІ орынды - № 17, 27, 43, Малайсары батыр атындағы, С. Торайғыров атындағы, М. Әуезов атындағы , Кенжекөл мектебінің оқушылары, ІІІ орынды - Мәшһүр Жүсіп, А. Байтұрсынұлы атындағы № 2, 6, 7, 11, 18, 25, 26, 40, 41 мектептердің, А. Шамкенов атындағы мектеп-лицейдің оқушылары иеленді. Олар «Ең бақытты күн», «Құс қанаты», «Әке» шығармаларындағы эпизодтарды безендірді.
«Мәнерлеп оқу» бағытында Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Амина Хамитова орындады. Амина «Аңыздың ақыры», «Шыңырау» прозасы мен поэзиясын мәнерлеп, дикцияны сақтай отырып жатқа оқыды. ІІ орынды № 38, Қ.Бекқожин атындағы, ІІІ орынды Малайсары батыр, М.Әуезов атындағы мектептердің оқушылары иеленді. Қатысушылар «Өргек», «Бәсеке», «Құлыным менің» прозаларынан үзінділерді жатқа оқыды.
«Зерттеу жұмысы» бағытында І орынды Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Серікбаева Жадыра иеленді. Ол «Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар» жобасын қорғады. ІІ орын № 2, 21, Ж.Тәшенев атындағы, ІІІ орын № 25, 38, С.Торайғыров атындағы мектептердің оқушыларына бұйырды.
«Сахналық қойылым» бағытында І орын - автордың туындылары бойынша сахна қойылымы 11 команда қатысты. Қорытынды бойынша № 2 мектептің командасы «Шыңырау» әңгімесінен көрініс үшін І орынды иеленді. ІІ орын № 21, 25, 26, ІІІ орынға Ж.Ташенев атындағы, М.Әуезов атындағы № 17, 38 мектептердің командалары ие болды. Қатысушылар «Абылай хан», «Өмір -темір», «Екі солдат», «Домбыра ойыны», «Кішкентай қыз» әңгімелері бойынша сахналық қойылымдар көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Қалған қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарына ие болды. Қалалық оқудың жеңімпаздары оқудың облыстық кезеңіне қатысады.