
Павлодар қаласының балалар көркем суретмектебінің «Мұғалімнен оқушыға» жобасын іскеасыру аясында 2025 жылғы 15 қаңтарда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында «Атамекен» көркем сурет көрмесінің ашылуы өтті. Көрменің ашылуына мектеп оқушылары, педагогтер, олардың арасында Айдана Ардаққызының тәрбиеленушілері қатысты.
- Бұлмектеп педагогі Айдана Ардаққызы Мергалиева мен оның оқушысы 15 жастағы Левадная Ясминнің бірлескен шығармашылық жұмысының дебюттік көрмесі. Экспозицияда әртүрлі жанрлар мен техникаларда орындалған 30-ға жуық туынды бар, олар терең мағынаға, жылулық пен шынайылыққа толы шабыт, есте сақтау және мақтаныш көзіретінде отанға жан-жақты көз қарасты ашады, - дейді мектеп басшысы Мағзамова Ляйля Мүкәрәмқызы.
Қала тұрғындарының назарына «Менің қалам», «Бурабай» пейзаждары, «Менің ұлым», «Сұлу Томирис», «Шәкен Айманов» портреттері, мектеп өміріндегі натюрморттар мен сюжеттер ұсынылды. Бұл дәстүр мен қазіргі заманның, өнер мен қол өнердің, өнер мен шабыттың тоғысқанын көрудің бірегей мүмкіндігі. Көрме қаңтарайының соңына дейін жалғасады.
Айдана Ардаққызы мектепте 6 жыл жұмыс істейді, осы кезеңде өзін шығармашылық, креативті суретші, перспективалы педагог ретінде көрсетті. Ясминмен 2 жыл жұмыс істейді, осы уақыт ішінде оның оқушысы «Тай қазан»республикалық байқауының, «Бояулар құпиясы» республикалық байқауының облыстық турының жүлдегері және жеңімпазы, «Theplanetof A ThePlanetofArt» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.