
Облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 9 - 11 сынып оқушыларының, олимпиаданың қалалық және аудандық кезеңдерінің жеңімпаздарының қатысуымен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың үш күндік облыстық олимпиадасының қорытындысын шығарды.
Олимпиада 15 жалпы білім беретін жаратылыстану-математика бағытындағы - математика, информатика, физика, химия, биология, география және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқықтану негізі, ағылшын, неміс, француз тілдері пәндерінен 2 тур бойынша өтті.
Павлодар қаласының 24 жалпы білім беретін мектебінің 66 оқушысы үздік болу үшін бақ сынасты - математикадан 2, информатикадан - 7, географиядан - 4, физика - 2, химия - 3, биология - 7, Қазақстан тарихы - 5, Құқықтану негіздері - 6, қазақ тілі және әдебиеті - 5, орыс тілі мен әдебиеті - 4, қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі - 8, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі - 3, ағылшын тілінен - 6, неміс тілінен - 3, француз тілінен - 1 оқушы.
- Олимпиада қорытындысы бойынша қала командасы 45 жүлделі орын алды, соның ішінде І орын - 8 оқушы, ІІ орын - 11, ІІІ орын - 26 және облыс қалалары арасында «Үздік олимпиадалық команда - 2025» атағын тағы да растады. Олар облыстық білім басқармасының түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды, - дейді «Павлодар дарыны» орталығының әдіскері Самал Бағадатқызы.
І орынды орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі № 21, 36 мектеп оқушылары, Құқық негіздері бойынша № 29, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі № 35 (2), неміс тілінде № 39, география бойынша М.Әлімбаев, орыс тілі және орыс әдебиеті А.Шәмкенов атындағы мектеп оқушылары иеленді Олар облыстық команданың құрамында наурызда республикалық олимпиаданың қорытынды турына қатысады.
Сондай-ақ, 11 сыныптың 4 оқушысы жоғары оқу орындарына білім гранттарын алды. Торайғыров университетіне оқуға грантты № 29 мектептің оқушысы Шевчук Ева, № 35 мектептің оқушысы Қайыржан Асылхан, № 39 мектептің оқушысы Вирясова Кира, А. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетіне грантты, № 2 мектептің оқушысы Ахметов Елнар алды. Қайыржан Асылхан «Алтын белгіге» үміткер, мектеп өмірінің белсенді қатысушысы. 2023 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде екінші орынды, 2024 жылы олимпиаданың облыстық кезеңінде бірінші орынды иеленді.
Вирясова Кира сабаққа белсенді қатысады. Информатика, алгебра, геометрия және робототехника пәндері ерекше орын алады. Көркем және ғылыми әдебиеттерді оқуды ұнатады. Мемлекеттік тілді біледі, компьютерді өте жақсы меңгерген. Ол информатикадан мектеп оқушыларының қалалық, облыстық және республикалық пәндік олимпиадаларының бірнеше мәрте жеңімпазы, жаратылыстану-математика бағытында жүлделі орындарды иеленген, оқу-өндірістік комбинатында «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған, робототехника, шахмат, гитара ойнаумен айналысады.
Шевчук Ева, 2024 жылғы Президенттік олимпиаданың қалалық және облыстық кезеңінің жеңімпазы, пәндік олимпиаданың жеңімпазы және жүлдегері.
Ахметов Елнар, мектеп парламентінің мүшесі, көптеген мектеп бағдарламаларының авторы және орындаушысы, «Экономика» секциясында республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы, байқаудың облыстық кезеңінде- екінші орын.
Олимпиадада II орынды № 2, 7, 18, 29 (2), 35 (2), 39 (2), Ж.Ташенев атындағы (2) мектептер иеленді.
III орынды № 2 (2), 7, 17, 25, 29 (2), 35 (3), 41, Ш.Шөкин атындағы (2), Қ.Бекхожин атындағы (3), А.Байтұрсынұлы атындағы (3), Ж.Ташенев атындағы (3), А.Шәмкенов атындағы мектеп-лицейге (2) берілді А.Бөкейхан атындағы (3), Кенжекөл орта мектебінің оқушылары иеленді.