Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі «Мен өз әлемімді жасаймын» волонтерлік жобасының «Жылды жақсылықтан баста» акциясы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Жаңа жылдық ғажайыптар» шеберлік сағатын өткізді. Мақсаты - мәдениет пен шығармашылыққа қызығушылықты таныту, игі істер жасай білу, мерекелік көңіл-күйді қалыптастыру.
Шеберлік сағатқа 10 қатысушы картон, түрлі-түсті және қарапайым қағаз, қайшы және желім көмегімен жаңа жылдық «Мерекелік зімбір» ойыншығын жасады. Оларға көркемсурет мектебінің оқушылары көмектесті. Сондай-ақ, қонақтарға мектеп студиясының оқушысы 6 жасар Васина Полина жаңа жылдық өлең оқып, жаңа жылдық әндерді орындады. Мектеп оқушылары барлығына өздері жасаған тәтті сыйлықтар, акварель бояулары мен ойыншықтарды табыс етті. Сабақты көркемсурет мектебінің педагогтері Жәміш Олжас Жұмабайұлы мен Мерғалиева Айдана Ардаққызы дайындап, өткізді.
- Балалар көркемсурет мектебі 2019 жылдан бастап ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасау бойынша «Мен өз әлемімді бейнелеймін» волонтерлік жобасын іске асыруда. Осы кезден бастап әр апта сайын «Шектеусіз әлем» мүгедек балалардың ата-аналар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің балаларымен түрлі сабақтар өткіземіз. Бұл церебральды сал ауруы және аутизм диагнозы қойылған балалар, сондықтан ата - аналар сабаққа қатысады және бірге айналысады, - дейді мектеп басшысының орынбасары Гүлнар Мұхаметқалина.
Жобаның мақсаты - әлеуметтік бейімделу, моториканы, сөйлеу дағдыларын дамыту, арт-терапия, релаксация және бойын еркін ұстау. Балалар бейнелеу өнерімен үлкен қуанышпен айналысады, пластилиннен мүсін жасайды, сурет салады, мектептің әртүрлі материалдарынан қолөнер жасайды. Шеберлік сағаттарды мектептің барлық педагогтері балалар үшін қызықты болу үшін әртүрлі тақырыптар мен техникаларда өткізеді. Мұғалімдер өз білімдері және дағдыларымен бөліседі, бұл балаларды қызықтырады.