«Инклюзия өмір реті: баршаға қолжетімді сапалы білім»

«Инклюзия өмір реті: баршаға қолжетімді сапалы білім»

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2025 жылғы 6 қаңтарда бірыңғай әдістемелік күн барысында «Баршаға қолжетімді сапалы білім» мен «943 - мақсатты мектептерді дамыту» республикалық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде Ш. Шөкин мектебінің базасында педагогикалық алаңды ұйымдастырды, оған нысаналы және базалық әлеуетті мектептердің 160-тан астам педагогтері қатысты.

Педагогикалық алаңның тақырыбы «Ерекше білім беруді қажет ету және дарындылық: педагогикалық қолдаудың жолдары мен тәсілдері».

Пленарлық бөлім барысында филология ғылымдарының кадидаты, бизнес-жаттықтырушы А. В. Алиясова «Инклюзия өмір реті: баршаға қолжетімді сапалы білім» атты коучинг сессиясын өткізді. Дарынды баланың дамуын тиімді басқару тәжірибесімен № 38 мектеп басшысы А. Н. Әбілғазинов бөлісті.

Инновациялық алаңдарда дарынды баланы дамыту және сүйемелдеу мәселелері бойынша № 39, 15, Ш. Шөкин мектептерінің мұғалімдері ерекше білім беруді қажет ету балаларды оқытудағы тиімді тәсілдер мен стратегиялар, психолог пен логопедтің жұмысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға әлеуметтік құзыреттілікті дамыту, бейімделген орта жағдайында ерекше білім беруді қажет ету балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда Art-терапияның инновациялық әдістерін қолдану бойынша шеберлік сағаттар өткізді.

Рефлексия барысында педагогтер ұсынылған тәжірибеге, өзекті технологияларға жоғары баға берді.