Пайдалы демалыс

Пайдалы демалыс

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің қысқы демалыста оқушылардың бос уақытын  қамту бойынша іс-шарасына сәйкес «Жаңа жыл - жаңа мақсаттар» атты дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушы - «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы.

Дөңгелек үстелге № 2, 6, 11, 14, 17, 18, 31, 33, 35, 36, 39, 40, 41, 43 мектептерінің, Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназиясы, А. Шәмкенов атындағы мектеп-лицей, Қ. Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, М. Жүсіп атындағы, Б. Момышұлы атындағы, С. Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынов атындағы, Ж. Тәшенов атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл мектептерінің 26 президенті қатысты.

- Дөңгелек үстел барысында президенттер «Жылдам сұхбат» ойынында сайысқа түсті - жұптар бір-бірінен танысу сұхбатын алды, өздері туралы қызықты мысалдармен  алмасты, сұхбаттасушылардың бірімен таныстырды, жаңа жылға жоспарлар, алдағы инновациялық жобалар туралы бөлісті, - дейді «Павлодар дарыны» орталығының ұйымдастырушы-педагогы Сания Болатқызы.

Дөңгелек үстел жұмысына Жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы Ризат Рахымжанов қатысты. Ол сұхбатында «Jasylel» акциясын өткізу туралы мысалдар келтіріп, қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

- Іс-шара қызықты әрі танымды өтті. Біз бір-біріміз туралы көбірек білдік, мектептерде қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын және президенттердің каникулда оқушылармен жұмыс істеудегі рөлін білдік, - дейді Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназиясының президенті, 11-сынып оқушысы Малышева Софья.