12 - 15 жас аралығындағы Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының 13 оқушысы сәндік-қолданбалы өнер бойынша XVII халықаралық «Туған жерім» балалар байқауына өз жұмыстарын жолдады. Байқау Астана қаласында өтті, оны Астана қаласының «Балалар көркемсурет мектебі» - ЮНЕСКО клубы ұйымдастырды.
Байқау қорытындысы бойынша павлодарлық төрт оқушы жүлделі орындарға ие болды. 14 жастағы киіз басу техникасындағы «Дала музыкасы» жұмысы үшін I орынды Сыздықова Айпара жеңіп алды.
13 жастағы батик техникасындағы «Әуе ноталары» жұмысы үшін II орынды Клочкова Елизавета иеленді.
15 жастағы батик техникасындағы «Таза тоғандар» жұмысы үшінНемова Милена,12 жастағы аралас техникадағы «Қозы» коллажы жұмысы үшін Сұлтанова Малика III орынды жеңіп алды.
Олардың педагогтері Алтын Кисамиденова, Лариса Кузнецова, Татьяна Ахметжанова, Светлана Рейн.
- Оқушылардың жұмыстары сәндік-қолданбалы өнердің түрлі техникаларында орындалды, - дейді директордың орынбасары Инна Масленникова. - Жұмыстар қолөнер, кесте тігу, матаға сурет салу, ұлттық бояуды қолдана отырып тігу бойынша ұсынылған. Өйткені, бұл тарихпен, ежелгі ұлттық мәдениетпен байланыс.