«Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының Павлодар филиалының бесінші облыстық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауына 12 бағыт бойынша облыстың 280 педагогі, оның ішінде Павлодар қаласының180-нен астам жалпы білім беретін мектептердің, 20 балабақшаның, 2 қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Бұл байқау әр мұғалімге өзінің авторлық дамуын бейне - бейне сабақтар, бейне подкасттар, цифрлық білім беру ресурстары, семинарлар, шеберлік сағаттар түрінде ұсынуға мүмкіндік береді.
Байқау қорытындысы бойынша облыстың 50 қатысушысы, оның ішінде 9 бағыты бойынша Павлодар қаласы жалпы білім беретін мектептерінің, балабақшалардың, қосымша білім беру ұйымдарының 25 педагогіжүлделі орындарға ие болды.
Облыс байқаудың республикалық кезеңіне жеті педагогтің, байқау жеңімпаздарының бес бейнематериалын ұсынады.
Мәселен, І орын алған, Динара Аринова Кенжекөл ЖОМ мен Маржан Сахимзадина Ж.Ташенев атындағы мектептің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдерінің командасы «Медиа-ақпараттық сауаттылықты дамыту» тақырыбындағы шеберлік сағат үшін «Мәдениетаралық сауаттылық» бағытында жеңімпаз атанды. Әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық бағытында «Эмоциялар конверті» тақырыбындағы авторлық әдіс шеберлік сағаты үшін № 40 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Игорь Гноева алды. «Қаржылық сауаттылық» бағытында А.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рустам Сағымбаев «Отбасы шығыс-кірісі» тақырыбындағы бейне-сабағы үшін жеңімпаз атанды.
- Биыл біз өзімізді «Медиа-ақпараттық сауаттылық» бағытында жүзеге асыруға тырыстық.Оқушылармен манипуляция, адамдарды басқарудың бір түрі бар мәтіндерді тануды, медиа мазмұнды талдауды, бағалауды және құруды үйренеміз. Нәтижесінде оқушылар жалған және сенімді жаңалықтарды ажыратады, мәтіндегі манипуляцияларды анықтайды, медиа мазмұнның эмоциялар мен қабылдауларға әсерін талдай алады, дейді Динара Аринова.
«Ерте сауаттылық» бағытында № 42 мектепке дейінгі гимназияның педагогі Гүлжайнат Мақұлбекова III орынды иеленді.
«Оқу сауаттылығы» бағытында II орынды Айгүл Баймбетова, Малайсары батыр атындағы ЖОМ педагогі,Надежда Сорокина - А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ, III орынды – Перизат Әбілшайықова - № 27 ЖОМ, Вероника Ганенко, Александра Айгорова - А. Шамкенов атындағы –лицей-мектептің педагогтері иеленді.
«Математикалық сауаттылық» бағытында III орынды № 39 мектептің педагогі Елена Трушакова иеленді.
«Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» бағытында II орынды Наталья Григорьева, Виктория Бедринец, Жанна Игликова, Лариса Лымарчук, А.Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ педагогтері,III орынды - Ғалия Нұрымбекова - № 17 ЖОМ, Гүлнара Рысмағанбетова - А. Бөкейхан атындағы лицей-мектептің педаготері иеленді.
«Цифрлық сауаттылық» бағытында II орынды Нұргүл Жанғазина, Айдана Рахымтай, Ж. Тәшенев атындағы ЖОМ педагогтері, III орынды Махаббат Ибраим, Бағлан Нұржанова - № 17 ЖОМ педагогтері иеленді.
«Экологиялық сауаттылық» бағытында ІІ орынды Наталья Губар,Әсия Қасенова, балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының педагогтері, ІІІ орынды - Айнаш Омарова - А. Бөкейхан атындағы лицей-мектептің педагогтері алды.