Павлодарлық оқушылар салауатты өмір салты үшін

Павлодарлық оқушылар салауатты өмір салты үшін

Вейптің денсаулыққа зияны туралы хабардарлықты арттыру, жасөспірімдер ортасында вейпинг проблемаларын білу мақсатында «Вейпсіз жастық шақ» республикалық эссе-байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 5-11 сыныптарының 50-ге жуық оқушысы қатысты.

Байқау 2 жас санаты бойынша бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша 11-13 жас аралығындағы қатысушылар арасында 6 мектеп оқушысы жүлделі орындарға ие болды № 6 (2), № 14 (2), № 6, 25. 14-17 жас аралығындағы қатысушылар арасында жүлделі орындарға М. Әлімбаев атындағы мектеп,      № 29, 18, 2 (2), 36 мектептерінің 6 оқушысы ие болды. Байқаудың барлық қатысушылары Павлодар қаласының білім беру бөлімінің дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды. Қатысушылар өз жұмыстарында салауатты өмір салтын ұстану, шығармашылық қызметтің мүдделері, пайдасы, ел дамуындағы салауатты ұлттың рөлі, «сәнге» еліктеудің зияны, жағымсыз әдеттер туралы жазды.

Байқауды ұйымдастырушы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының әдіскері Ниет Әділеттің айтуынша, осындай конкурстар салауатты өмір салтын насихаттауға, темекі шегудің, вейпингтің, балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік құбылыстардың зияны туралы хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.