Павлодар қаласындағы көркем суретмектебінің мерейтойлық мерекесі

Павлодар қаласындағы көркем суретмектебінің мерейтойлық мерекесі

Павлодар қаласының көркем сурет мектебі 45 жылдығына арналған салтанатты мерекені 100-ге жуық қонақтың қатысуымен облыстық көркем сурет мұражайында балалар шығармашылығының мерей тойлық көрмесінің ашылуынан бастады. Мақсаты – мектеп ұжымының жетістіктері мен таныстыру.

Көрменің ашылуына көрермендердің назарына соңғы 2 жылда оқушылар мен педагогтердің 150 жұмысы ұсынылды. Шығармалар стилі, мазмұны бойынша әртүрлі және түрлі жанрларды ұсынады: портреттер, натюрморттар, пейзаждар, сюжеттік және сәндік композициялар. Әртүрлі дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістермен жасалған: акрил, гуашь, акварель, қарапайым қарындашпен графика, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар, аралас техникада. Сәндік – қолданбалы өнер мен керамиканың бірнеше жұмыстары ұсынылған. Барлық ұсынылған жұмыстар мектеп ұжымының көп жылдық шығармашылық жан-жақты тәжірибесін көрсетеді. Көрме қараша айының соңына дейін жалғасады.

Көрмеде мектеп педагогтері Решетова Наталья Владимировна мен Сидоренко Оксана Валерьевна ересектерге арналған киіз басу және балаларға арналған монотип бойынша шеберлік сағаттарын өткізді.

Мереке аясында «Көркемдік білім беру ортасы білім беру процесіне қатысушылардың даму факторы ретінде» атты облыстық конференция өткізілді, оған 50-ден астам басшылар, қосымша білім беру басшы орынбасарлары мен педагогтері, бейнелеу өнері және көркем еңбек мұғалімдері қатысты. «Балалар көркем сурет мектебінің тәжірибесі, дәстүрлері, болашағы», «Көркемдік білім беру ортасы білім беру процесіне қатысушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудың шарты ретінде», «Заманауи білім беру трендтеріне сәйкес көркем сурет мектебінде оқыту», «Сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында коммуникациялық және ақпараттық технологияларды пайдалану» атты баяндамалары мен мектеп басшысы Мағзамова Ляйля Мүкәрәмқызы, басшының орынбасары Масленникова Инна Вдадиславовна, мектептің құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі Смыков Дамир Серикович, педагог Шушаев Шамиль Ракымбекұлы сөз сөйледі. Рейн Светлана Евгеньевна, Кузнецова Лариса Алексеевна, Балин Алексей Александрович, Ахметжанова Татьяна Васильевна, Степанко Валентина Петровна, Жамиш Олжас Жұмабайұлы, Коваленко Юлия Геннадьевна «Стильдендірілген композиция.  Ашық қағаз қиындылары», «Пейзаж. Май графикасы», «Қоңырау. Керамика», «Экслибрис. Линогравюра», «Гүлдер. Гофр картоннан жасалған коллаж», «Балшық ыдыс. Қыш өнері», Сандық өнер» тақырыбында шеберлік сағаттар өткізді.

Балалар өнер мектебі 1979 жылдан бері жұмыс істейді. 2006 жылы мектеп балалар бейнелеу өнеріне қосқан үлесі үшін, балалар суреті байқауларында жыл сайынғы көптеген жеңістері үшін ЮНЕСКО-ның Құрметті халықаралық клубы мәртебесіне ие болды және бүгінгі таңда Павлодар қаласындағы ЮНЕСКО-ның балаларкөркем сурет мектебі-клубы болып табылады. Тек соңғы бес жылда мектеп 3000-нан астам жас суретшілерді дайындап шығарды. Қазіргі уақытта мектепке 4 - 17 жасаралығындағы мыңдаған оқушылар қатысады.

Оның ішінде Қазақстанда, Ресейде, Польшада, Үндістанда, Чехияда, Тайваньда, Ұлыбританияда, Германияда, Эстонияда 100-ден астам халықаралық байқаулар мен көрмелер лауреаттары бар. Оқушылар мен педагогтер қалалық, республикалық іс-шараларға үнемі қатысады, көркем-эстетикалық мәдениетті көтереді, балалар мен жастар арасында мәдени мұраның құндылықтары мен идеяларын насихаттайды.