
Әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 30 қазанында каникулдық әдістемелік апталық аясында Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектебінің базасында мектеп басшыларының орынбасарлары үшін «Білім берудің болашағы: жаһандық күн тәртібі. Жаһандық әлемнің мәселелері».
Күннің аффирмациясы ретінде алынған нақыл: «Әлем соншалықты тез өзгеруде, ал білім беру жүйелері соншалықты икемсіз әрі өзгерістерге бейімделмеген, уақыт тұзағына түскендей, әлдеқашан аяқталған өткен дәуірге қызмет етіп келеді».
Коуч-сессиясы аясында семинар қатысушылары білім беру жүйесінің негізгі сын-тегеуріндері мен өзекті трендтерін, оқытудың жеткіліксіз нәтижелерінің себептерін және білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру қажеттілігін, 21 ғасырдағы ұрпақты оқытудың педагогикалық тәсілдерінің ерекшеліктері,жаңа жағдайларда сабақтың педагогикалық дизайнына қойылатын талаптар талқыланды.
Воркшоптың 2-бөлімінде «Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысты ұйымдастырудың тиімді практикасы» тәжірибеге бағдарланған семинар форматында мектеп директоры С. В. Завальная, басшының орынбасарлары Е. В. Мұратхожина, А. М. Жұмаділова Ш. Шөкин гимназия-мектебі әкімшілігінің тәжірибесін ұсынды.
Практикалық бөлім барысында «Іс-әрекеттегі тәжірибе» шебер сағаты шеңберінде Ш. Шөкиннің «құзыретті мектеп» және Жетекші ЖОМ - «өсу нүктесі» мектебі мұғалімдерінің «Мұғалімнің талдамалық қызметі және олқылықтарды толтыру тәсілдері», «Үлгерімі төмен оқушылардың тілдік дағдыларын түзету жолдары мен құралдары», «Ағылшын, орыс тілі және математика саласындағы білімнің олқылықтарын толтыруға интеграцияланған тәсіл» өзекті мәселелері бойынша тәжірибесі ұсынылды.
Әріптестердің практикалық әзірлемелері қатысушылардың қызығушылығын тудырды және қала мектептері педагогтерінің тәжірибесінде сұранысқа ие болады.