
Практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Музей қызметі қазіргі білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту нысаны ретінде» атты оқу-практикалық семинар өтті. Семинар тарих, география мұғалімдерімен, кітапханашылармен, № 27, 21, 32, 33, 41, 30, М. Әлімбаев атындағы, М. Әуезов атындағы, Малайсары батыр атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Жетекші мектеп мұражайларының басшыларымен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм орталығы базасында өткізілді.
Семинарда мұражайлар қызметінің өзекті мәселелері, олардың оқушыларға білім берудегі рөлі қарастырылып, талқыланды. Экология және туризм орталығының «Өлкетану» бөлімінің меңгерушісі Машкентаева Жұлдыз Жанатқызы «Жас эколог» музейінің қызметі бойынша «Мектеп музейінің жаппай жұмыс нысандары» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Өңірдің білім беру ұйымдарының жұмысы туралы сұрақтар бойынша «Павлодар география үйі» ҚБ, «QAZAQGEOGRAPHY» республикалық ҚБ өкілі Александр Анатольевич Вервекин «Ынтымақтастықты ұйымдастыру нысандары мен әдістері» тақырыбында сөз сөйледі.
«Өлкетану оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізі ретінде» тақырыбында «Жасөлкетанушы» авторлық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Алибаева Гүлжихан Манарбекқызы, экология және туризм орталығының педагогі, «Музейтану. Музей қорын есепке алу, сақтау, түгендеу, этикетаж» тақырыбында Игибаева Роза Ержанқызы, мәдениет ардагері, «Мектеп мұражайының экспозициясын құру мәселелері» тақырыбында Франк Дмитрий Артурович, Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының маманы жұмыс тәжірибесіменбөлісті.
- Семинарға қатысушылар оқушылар үшін мұражай-өлкетану қызметін, іздестіру жұмысын, туған өлкенің тарихына құрметпен қарауды, аға ұрпақтың өмірі мен қызметін, шығармашылық қызметті жүзеге асырудағы мұражайлардың рөлі туралы пікір алмасты, - дейді Машкентаева Жұлдыз Жанатқызы.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді.