Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті облыстық ресурстық орталығы болып табылатын № 26 ЖОМ қаланың жалпы білім беретін мектептерінің логопедтері үшін «Балалардың сөйлеу ерекшеліктерін ескере отырып, түзету қызметін жоспарлау мәселелерінде логопед-мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» атты семинар-практикумын өткізді. 30-дан астам логопед мұғалімдер қатысты.
Семинарда білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Семенқызы Нұрахметова қатысушыларды 2024 - 2025 оқу жылында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі оқу-тәрбие үдерісін реттейтін нормативтік құжаттармен таныстырды.
Қатысушылар жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Қалалық логопед-мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, № 26 ЖОМ логопед-мұғалімі Юлия Анатольевна Пшенко, мектептегі инклюзивті кеңістікте ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сабақтарды ұйымдастыру және логопедиялық көмек көрсету мәселелері бойынша ұсыныстар берді. Элепбергенова Зарема Төлеуқызы, Ш. Шөкин атындағы мектептің логопед-мұғалімі «СФФД бар балалармен түзету қызметін жоспарлау» тақырыбында сөз сөйледі. Сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық бұзылыстарының негізгі себептері туралы айтып, түзету жұмыстарының бағыттарымен, сабақ құрылымымен, жоспарлау кезеңдерімен таныстырды. № 14 ЖОМ логопед-мұғалімі Бушумбаева Альмира Манарбекқызы сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен логопед-мұғалімнің практикалық қызметінде заманауи логопедиялық технологияларды қолдану мәселелеріне тоқталып, логопед-мұғалімнің педагогтермен және ата-аналармен консультативтік-ағартушылық қызметін ұйымдастыруда интерактивті тәсілдерді көрсетіп, тренинг-ойын өткізді.
Ахметова Жанар Хисамиденовна, № 33 ЖОМ логопед-мұғалімі «Сөйлеу мүшесі жаллпы дамымаған бастауыш сынып оқушыларында үйлесімді сөйлеуді дамыту бойынша жұмыста инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында жұмыс тәжірибесін ұсынды. Ол әзірлеген логопедиялық үй тапсырмасының сайтын ұсынды, ол логопед-мұғалімнің жұмысындағы бірнеше негізгі мәселелерді бірден шешеді: логопед пен ата-аналардың өзара әрекеттесуін жеңілдетеді, материалдардың қолжетімділігін арттырады, балалардың қызығушылығын сақтайды және мамандардың уақытын үнемдейді. Киюарды пайдалана отырып, үй тапсырмасын орындауда тренажерді пайдалану бойынша қатысушылармен семинар өткізді.
Логопед-мұғалімдердің жұмысында жаңа инновациялық технологияларды қолдану білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі, ерекше білім беру қажет ететін балалармен сабақтарда қолайлы эмоционалды ортаны құруға ықпал етеді. Семинар материалдары логопед-мұғалімдердің инклюзивті тәжірибесінде қолдану үшін қала мектептеріне жіберілді.