Мектеп басшыларының кеңесі

Мектеп басшыларының кеңесі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 24 сәуірде қаланың жалпы білім беретін мектептері басшыларының кезекті кеңесі өткізілді.

Кеңесте қала мектептеріндегі білім туралы, дене шынықтыруды оқытудың жай-күйі, жалпы орта білім беру мекемелерінде дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, ҚР ЖП бірыңғай тәрбие бағдарламасының орындалуы туралы қатаң есептілік құжаттарын есепке алу, беру және ресімдеу мәселелері бойынша мониторинг қорытындылары қаралды және талқыланды. Қаланың білім беру ұйымдарында БАБЖМ - 2024 өткізу қорытындысы бойынша ақпарат тыңдалды.

Сондай-ақ, № 29 ЖОМ басшысының мектеп қауіпсіздігі қызметінің жұмысы туралы, № 11 ЖОМ басшысының балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының жұмысы туралы есебі тыңдалды.

Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Қ. Т. Қыдралин нормативтік актілердің талаптарына сәйкес білім туралы қатаң есептілік құжаттарының берілуін және ресімделуін бақылауды жүзеге асыру бойынша аталған ескертулерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берді. Дене шынықтыру бойынша оқу-материалдық базаны нығайту, оқушыларға сабақтан тыс уақытта спортпен шұғылдануға жағдай жасау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие берудің бірыңғай бағдарламасын іске асыру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың жою және алдын алу, сабақтан тыс уақытта және демалыс күндері юос уақытты ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Балаларды БАБЖМ дайындау, білім беру қызметінің сапасына мониторинг жүргізу, қорытынды аттестаттауға дайындық мәселелері бойынша мектепішілік бақылау, қауіпсіздік шараларын сақтау, күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізу бойынша ұсынымдар берілді.