Павлодарда үздік қазақ тілі мұғалімдері анықталды

Павлодарда үздік қазақ тілі мұғалімдері анықталды

2024 жылдың 5 наурызы мен 20 сәуірі аралығында Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Үздік қазақ тілі мұғалімі - 2024» қалалық конкурсын өткізді. Мақсаты - Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын жүзеге асыру, педагогикалық тәжірибені тарату, мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін қолдау және ынталандыру. Конкурсқа қаладағы 23 жалпы орта білім беру мектеп пен 5 балабақшаның педагогтері қатысты.

Конкурс барысында қатысушылар өздерін және мамандығын, инновациялық идеяларын, шығармашылық жұмыстарын, педагогикалық жетістіктерін таныстырды.Конкурс нәтижесінде 12 мұғалім жүлделі орындарға ие болды.

Бас жүлдеге № 2 мектеп мұғалімі Асем Муратовна Жуманова, № 18 мектеп мұғалімі Айдана Сабыровна Усенова, № 42 мектепке дейінгі гимназия тәрбиешісі Гульзайнат АманжолМакулбекова ие болды.

І орынды Кенжекөл ЖОМ мұғалімі Айгуль Машраповна Апсаликова, № 72 балабақшаның тәрбиешісі Сара Муратовна Сапархан иеленді.

II орынды Асемгуль Мырзатаевна Хамитова, М. Әуезов атындағы мектептің мұғалімі, Нурлан Абдула, А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің мұғалімі иеленді.

III орынды Абылгазинова Куралай, Б. Момышұлы мектеп мұғалімі, Жанетта Бауыржановна Жумагожина, Р. Нуртазина атындағы мектеп мұғалімі иеленді.

Үш педагог «Креативті педагог» номинацияларымен марапатталды: Кашкинбай Карлыгаш, № 2 балабақшаның тәрбиешісі, «Үміт» - Лайля Амангельдыовна Магауова, А. Шамкенов атындағы мектептің мұғалімі, Жанара Есеновна Жергасинова, № 126 - балаларды эстетикалық дамыту орталығы балабақшаның тәрбиешісі.

Жүлделі орындарға ие болған мұғалімдер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды.