«Облыстық ПМПК» КММ және Ақсу қаласы білім беру ұйымдарының ортақ әрекеті

«Облыстық ПМПК» КММ және Ақсу қаласы білім беру ұйымдарының ортақ әрекеті

Осы айда «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» КМҚК қолдаухаты бойынша оқуда және тәрбиелеуде мәселелері бар, сондай-ақ сөйлеу және мінез-құлық бұзылыстары бар балаларды тексеру және кеңес беру, мектеп жасына жеткен балаларға арналған білім беру бағдарламасының түрін белгілеу мақсатында Облыстық ПМПК мамандарының кезекті көшпелі отырысы өтті. Әкімшілік пен балабақша тәрбиешілеріне оқу процесін одан әрі ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативтік-әдістемелік көмек көрсетілді.

Ата-аналарға денсаулық сақтау ұйымдарының арнайы мамандарынан баланың даму мәселелері және оларды шешу жолдары, уақытында тексеру, қатар жүретін аурулары мен мінез-құлық бұзылыстары бар балаларды емдеу туралы кеңестер алды, білім беру бағыты анықталды.