Спорттық би бойынша облыстық турнирдің жеңімпазы

Спорттық би бойынша облыстық турнирдің жеңімпазы

Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы мектептің 5-сынып оқушысы Жакупова Мунира да 500-ден астам бишінің қатысуымен өткен спорттық би бойынша облыстық ашық чемпионата өнер көрсетті. Турнирдің қорытындысы бойынша ол жеңімпаз атанды.

Ол өзінің спорттық мансабын бірінші сыныптан бастап мектептегі би үйірмесіне қатысудан бастады, жеті жасынан бастап гимнастика мен айналысады, хип-хоп биін үйренуде. Қазіргі уақытта «Classic» клубында спорттық-бал билерімен айналысады, жаттықтырушылары Верига Алексей Николаевич пен Татьяна Григорьевна. 1,5 жыл ішінде облыстық, республикалық турнирлерде жақсы спорттық жетістіктерге қол жеткізді – негізінен бірінші орындарды алады. Астана қаласы денешынықтыру және спорт басқармасының, Павлодар облысының спорттық бал би федерациясының біріншілігі үшін дипломдары бар.

Сонымен қатар, Мунира Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде бірінші курста үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімінің саксофон сыныбында оқиды, жаңадан бастаған саксофоншы өте еңбекқор. Сонымен қатар вокал бойынша сабақ алады. Мектепте «өте жақсы» оқиды.