Қыздар арасындағы Еуропа олимпиадасының қорытындысы

Қыздар арасындағы Еуропа олимпиадасының қорытындысы

Грузияның Цхалтубо қаласында 2024 жылғы 10-18 сәуір аралығында қыздарға арналған математика пәні бойынша Еуропалық олимпиада өтті (European Girls' Mathematical Olympiad). Оған әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысады.

Биылғы оқу жылында төрт адамнан тұратын команда құру үшін ағымдағы жылдың 13-15 ақпанда іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеу қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған  № 8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Одинцова Анастасия республиканың құрама командасының  Еуропа Олимпиадасына қатысуға жіберілді.

Біздің қызымыздың  қатысу нәтижесі дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Одинцова Анастасия күміс медальге  (мұғалімі – Л.В. Стадникова) ие болды.

 Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!