Биология пәні бойынша қала оқушыларының зияткерлік турнирі

Биология пәні бойынша қала оқушыларының зияткерлік турнирі

Павлодарда қаланың 42 жалпы білім беретін мектебінің 7 - 8 сыныптың 84 биология білгірлерінің қатысуымен «Биоэрудит» зияткерлік турнирі өткізілді. Мақсаты - экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру. Турнирді Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны"  бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы ұйымдастырды.

Оқушылар екі турға қатысты - биология  пәні бойынша тестілеуге қатысып, тапсырмаларға ауызша жауап берді: «Блиц ойын» - сұрақтарға жауаптар, «Мені біл» - суреттермен жұмыс, «Бейнеролик бойынша сұрақ» - бейнеролик бойынша жануарлардың түрін анықтау.

Байқау қорытындысы бойынша 28 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын - 6 оқушы, ІІ орын - 10, ІІІ орынды - 12 оқушы иеленді.

І орынды А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы Ғалымқызы Інжу, М. Әуезов атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Абдурахимова Жадира, 8-сынып оқушысы Сиражиденова Аружан, 8-сынып оқушысы Малыгина Глафира, № 35 ЖОМ Асылбек Айару, 7-сынып оқушысы, Шиафиден Әділет, 8-сынып оқушысы иеленді.

II орынды А. Байтұрсынұлы атындағы, № 5, 25, 29, 30 мектеп оқушылары иеленді.

ІІІ орынды Малайсары батыр атындағы № 7, 17, 18, 36, 41 мектеп оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Қалған қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды.

- Интеллектуалды ойын биология пәні  бойынша білімді тексеруге, шығармашылық жұмысқа қызығушылықты арттыруға, мектептің, қаланың түрлі экологиялық іс-шараларына қатысуға ықпал етті, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.