Павлодар қаласының балалар көркем сурет мектебінде балалар «Мен әлемді саламын» облыстық байқаудың қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Мақсат - адамгершілік, көркемдік тәрбие, төрт аяқты достарға көңіл бөлу және қамқорлық көрсету.
Қаланың 68 балабақшасының 340-тан астам тәрбиеленушілері «Мен және менің итім» тақырыбында суреттер ұсынды. Байқаудың қазылар алқасының құрамында белгілі суретшілер Такирбасов Ерсін Қаскиұлы, Ловина Ольга Ивановна, Кравченко Светлана Владимировна жұмыс істеді.
Байқау қорытындысы бойынша 3, 4, 5, 6 жас аралығындағы қатысушылар арасында 18 үздік жұмыс анықталды.
I орынды № 96 балабақшаның тәрбиеленушісі Достаева Інжу, № 10 балабақшаның тәрбиеленушісі Калиева Аделина, № 23 балабақшаның тәрбиеленушісі Құдайберген Айлана, № 26 балабақшаның тәрбиеленушісі Найда Екатерина, № 112 балабақшаның тәрбиеленушісі Литао Николь, № 28 балабақшаның тәрбиеленушісі Кенжехан Әли иеленді.
II орынды № 51 балабақшаның тәрбиеленушісі Кенжегалиева Арья, №115 балабақшаның тәрбиеленушісі Қабиденова Раяна, № 9 балабақшаның тәрбиеленушісі Мерлан Уали, № 49 балабақшаның тәрбиеленушісі Хван Сұлтанәли, № 18 балабақшаның тәрбиеленушісі Қабкенова Ерке, № 1 балабақшаның тәрбиеленушісі Адылханова Айдана, Андасов Бахтияр, № 72 балабақшаның тәрбиеленушісі Раимбекова Адель, № 82 балабақшаның тәрбиеленушісі Бахтияр Мадина иеленді.
III орынды № 34, 43, 27, 39, 57, 53, 126, 2, 116 балабақшаның тәрбиеленушілері Садулова Аля, Бекжанова Амина, Каткова Амелия, Пермякова Анастасия, Бондарь Лана, Нестеренок Варвара, Люлякина Александра, Яцук София, Бобученко Арина иеленді.
Олардың барлығы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды.